Galaxy GL0322 серебристый/черный [18/22] Белгіге дейін 8 сірке қышқылының ерітіндісін құйыңыз немесе 100 мл

Galaxy GL0322 серебристый/черный [18/22] Белгіге дейін 8 сірке қышқылының ерітіндісін құйыңыз немесе 100 мл
KAZ
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Тазалау және күтім жасау
8.1.1 Шәйнекке қызмет көрсетудің алдында қуат беру баусымын (9)
розеткіден шығарыңыз;
8.1.2 Шәйнектің корпусын (1) және қойғышты (9) дымқыл шүберекпен
сүртіңіз;
Ескерту Шәйнекті тазалау үшін қажақты тазартқыштарды және
агрессивтік жуғыш құралды қолданбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ешқашан шәйнекті, қуат беру баусымын (9), ашаны
немесе қойғышты (10) суға батырмаңыз. Шәйнекті және қойғышты (10)
ыдыс-аяқ жуатын машинада жууға тыйым салынады.
8.1.3 Қақтарды кетіру
• Шәйнекке максималды көлемінің төрттен үш бөлігін сумен толтырыңыз
және суды қайнатыңыз;
Шәйнек сөнгеннен кейін оған корпустың ішкі бетіндегі максималды
белгіге дейін 8% сірке қышқылының ерітіндісін құйыңыз (немесе 100 мл
суға 30 г лимон қышқылын қолданыңыз);
• Ерітіндіні шәйнекте бірнеше сағатқа қалдырыңыз;
• Шәйнектен суды ағызыңыз және сумен мұқият жуыңыз;
• Шәйнекке корпустың ішкі бетіндегі максималды белгіге дейін таза суды
құйыңыз және оны қайнатыңыз;
• Шәйнектен суды ағызыңыз және оны қайта таза сумен жуыңыз. Егер
шәйнекте әлі де қақ қалса, жоғарыда аталған рәсімді қайталаңыз.
Ескерту Сіз сонымен бірге қақтардан тазалауға арналған арнайы
құралдарды да қолдана аласыз. Бұл жағдайда оларды дайындаушылардың
нұсқаулықтарын сақтаңыз.
8.2 Ұсыныстар
• Егер электр құралы істен шықса, оны өздігіңізден жөндеуге тырыспау
керек. Авторландырылған сервистік орталыққа жүгіну үзілді-кесілді
ұсынылады.
• Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыттық қаптамада ғана
тасымалдаңыз.
Құрылғыны тасымалдаудан немесе төмендетілген температурада сақтау
кезінде оны бөлме температурасында кем дегенде екі сағаттай ұстау қажет
болады.
8.3 Сақтау
Құралды сақтаудың және қайта пайдаланудың алдында оның барлық
бөліктерін тазалаңыз және толықтай кептіріңіз. Қуат беру баусымын (9)
сақтау үшін қойғыштың (10) төменгі бөлігінде орналасқан арнайы бөлікті
қолданыңыз. Құралды құрғақ салқын, балалар мен жануарларға қолжетімді
емес орындарда, +10-тан +30 °С-қа дейінгі температурада және 65%-дан
аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығы кезінде сақтау ұсынылады.

Содержание

Скачать