Galaxy GL0322 серебристый/черный [17/22] Ескерту шәйнекті қойғыштан 10 алу кезінде оны беті аздап дымқыл

Galaxy GL0322 серебристый/черный [17/22] Ескерту шәйнекті қойғыштан 10 алу кезінде оны беті аздап дымқыл
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
уақыт қолданылмаса, шәйнекті судың максималды деңгейіне дейін тол-
тыру, онда суды қайнату және оны төгу керек. Аталған рәсімді 2-3 рет
қайталаңыз;
6.4 Құрал қолдануға дайын.
Ескерту – Бірінші рет қолдану кезінде бөгде иістің пайда болуы құралдың
ақаулығының салдары болып табылмайды.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Жұмыс тәртібі
• Қуат беру баусымын (9) толықтай тарқатыңыз;
Ескерту – Қуат беру баусымын (9) ол қандай да болмасын қыздырғыш
беттерге жанаспайтындай етіп орналастырыңыз. Қуат беру баусымының
(9) ұзындығын қойғыштың (10) төменгі бөлігінде орналасқан қуат беру
баусымының бөлігіне орау жолымен кемітуге болады;
• Қойғышты (10) розеткіге жақын қашықтықта тегіс бетке орнатыңыз;
• Қуат беру баусымының (9) ашасын электр желісінің розеткісіне қойыңыз;
Шәйнектің қақпағын (6) қақпақтың тұтқасын (5) жоғары тартумен
ашыңыз;
• Шәйнекке ішетін су құйыңыз. Су деңгейі судың максималды деңгейінің
белгісінен (11) жоғары болмауы керек;
• Шәйнектің қақпағын (6) тұтқаның (5) көмегімен жабыңыз;
• Шәйнекті қойғышқа (10) орнатыңыз;
Ескерту Электр құралын қойғышқа (10) орнатудың алдында
ажыратқыштың (8) «0» (сөндірулі) күйінде тұрғандығына көз жеткізіңіз.
• Ажыратқышты (8) «І» (іске қосулы) күйіне ауыстыра отырып, құралды
іске қосыңыз, жұмыс индикаторы (12) жанады және шәйнек суды
қайнатуды бастайды;
Ескерту – Егер шәйнек бос болса, онда оны іске қосу кезінде автоматты
сөндіру іске қосылатын болады. Бұл жағдайда құралдың суынуын тосыңыз,
оған су құйыңыз және оны қайта іске қосыңыз.
• Су қайнағаннан кейін шәйнек автоматты сөнеді, ажыратқыш (8) «0»
(сөндірулі) күйіне қайтып оралады, және жұмыс индикаторы (12) сөнеді;
Ескерту - Қажет болған жағдайда ажыратқышты (8) «0» (сөндірулі) күйіне
ауыстыра отырып, Сіз құралды оның қайнауына дейін сөндіре аласыз.
• Шәйнектен суды ағызу үшін, оны қойғыштан (10) алыңыз, қорғаныш
қақпақты тетіктің көмегімен көтеріңіз және оны ыдыстың үстіне еңкейтіңіз.
Ескерту – Шәйнекті қойғыштан (10) алу кезінде оны беті аздап дымқыл
болуы мүмкін. Бұл шәйнекті автоматты сөндіру механизмінің іске қосылуы
кезінде одан өтетің будың біразы құралдың корпусындағы (1) арнайы
саңылау арқылы өтетіндігімен түсіндіріледі. Осылайша, қойғышта (10)
аздаған мөлшердегі судың болуы қате жұмыстың немесе өндірістік ақаудың
нәтижесі болып табылмайды.
7.2 Ұсыныстар
Түзілуші қақтардың мөлшерін кеміту үшін:
• Шәйнекті әрбір қолданудан кейін барлық суды төгіңіз;
• Сумен толтырылған шәйнекті түнге қалдырмаңыз;
• Сүзіп тазартылған суды қолданыңыз.

Содержание

Скачать