Roborock Q7 Max RU Black [16/36] Қауіпсіздік туралы ақпарат

Roborock Q7 Max RU White [16/36] Қауіпсіздік туралы ақпарат
16
Шектеулер
Батареяны қайта зарядтау үшін өніммен бірге берілген roborock CDZ11RR, CDZ12RR, AED03HRR немесе AED04HRR ажыратылмалы
қуат блогын ғана қолданыңыз.
Оны шатыр едені, ашық терраса немесе жиһаздардың үсті сияқты кедергісі жоқ биік беттерде қолданбаңыз.
Өнімің жұмысына кедергі жасамау және құнды заттарды зақымдап алмау үшін, тазаламас бұрын, жеңіл заттарды (мысалы, пластик
қаптар), тез сынып қалатын заттарды (мысалы, вазалар) еденнен алып тастаңыз.
Робот жұмыс істеп тұрса да, өшіп тұрса да, өнімнің үстіне ештеңе (оның ішінде балалар және үй жануарлары) қоймаңыз.
Өнімді тұтанған заттарға (мысалы, темекі күлі) қолдануға болмайды.
Қатты немесе өткір заттарды (мысалы, декорация қалдықтары, әйнек және шегелер) тазалау үшін өнімді пайдалануға болмайды.
Өнімді тазаламас бұрын немесе оған техникалық қызмет көрсетпес бұрын, оны міндетті түрде өшіріп, қуат көзінен ажырату керек.
Егер роботты ұзақ уақытқа қойып қоятын болсаңыз, оны толығымен зарядтап, өшіріңіз, содан кейін оны салқын әрі құрғақ жерге
қойыңыз. Батарея толығымен отырып қалмауы үшін оны кемінде үш ай сайын зарядтап тұрыңыз.
Балалар бұл құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру қажет.
Бұл өнімді физикалық, сезу немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі төмен адамдарға (оның ішінде
балалар) пайдалануға болмайды. Егер пайдаланатын болса, олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адам (CB) қадағалап немесе
құрылғыны қалай қолдану керектігі туралы нұсқау беріп тұруы керек.
Бұл өнімді 8 жасқа толған балалар және физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі аз адамдар
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау алғанда және қадағаланғанда, сондай-ақ олар қандай қауіп-қатер бар екенін түсінген жағдайда
ғана пайдалана алады. Балалар өніммен ойнамауы керек. Біреу қадағалап тұрмаса, балалар тазалау және техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын орындамауы қажет (ЕО).
Радиожиілік экспозициясының талаптарына сай келу үшін, құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, құрылғы мен адамдардың арасындағы
қашықтық 20 см немесе одан да көп болуы керек. Талаптарға сай келу үшін бұдан жақын қашықтықта жұмыс істемеген жөн.
Бұл трансмиттер үшін қолданылатын антенна басқа антеннамен немесе трансмиттермен бір жерге қойылмауы керек.
Бұл өнім тек ғимараттағы еденді тазалауға ғана арналған, оны далада (мысалы, бір жағы ашық террасада), жерден басқа қандай да
бір бетте (мысалы, диванда) немесе коммерциялық немесе өнеркәсіптік ортада қолдануға болмайды.
Өнімді температурасы -15℃ (5℉) және 50℃ (122℉) аралығындағы және ылғалдылығы 10% және 50% аралығындағы ортада сақтаңыз.
Өнімді температурасы 4℃ (39℉) және 40℃ (104℉) аралығындағы және ылғалдылығы 0% және 80% аралығындағы ортада пайдаланыңыз.
Өнімді пайдаланбас бұрын, жердегі сымдарды алып тастаңыз немесе оны шетке жинап қойыңыз, әйтпесе шаңсорғыш оларды тартып әкетуі мүмкін.
Шашты, киімнің бос бөліктерін, саусақтарды және дененің барлық мүшелерін саңылаулардан және қозғалып тұрған бөліктерден алшақ ұстаңыз.
Өнімді түгі биік кілемдерде пайдаланбаңыз (түсі қараңғы кілемдерде өнімнің жұмыс көрсеткіштері төмендеуі мүмкін).
Өнімді тік бамперінен, жоғарғы қақпағынан немесе бамперінен ұстап көтеруге болмайды.
Өнімді тазалау үшін дымқыл шүберек немесе сұйықтықтар қолданбаңыз.
Қауіпсіздік туралы ақпарат

Содержание

Похожие устройства