Roborock Q7 Max RU Black [21/36] Нұсқаулар

Roborock Q7 Max RU Black [21/36] Нұсқаулар
21
Roborock қолданбасын ашыңыз, «Search
for device» (Құрылғыны іздеу) түймесін
басыңыз немесе Mi Home қолданбасын
ашыңыз, жоғарғы оң жақ бұрыштағы
“+” белгішесін басып, қолданбадағы
нұсқаулар бойынша құрылғыны қосыңыз.
Ескертпелер:
Қолданбаның жаңа нұсқаларына байланысты
нақты процесс өзгешеленуі мүмкін. Қолданбада
көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Тек 2,4 ГГц WiFi желісіне қолдау көрсетіледі.
Робот желіге 1 сағаттан артық қосыла алмаса, WiFi
автоматты түрде өшіп қалады. Қайта қосқыңыз келсе,
алдымен WiFi желісін бастапқы күйге қайтарыңыз.
Құрылғықосу
Маршрутизатор конфигурациясына
байланысты роботқа қосыла алмасаңыз,
құпиясөзіңізді ұмытып қалсаңыз немесе басқа
да себептер болса, WiFi желісін бастапқы күйге
қайтарып, роботты жаңа құрылғы ретінде қосыңыз.
Ескертпе:
Нұсқаулар
Зарядталып жатқанда роботты өшіру
мүмкін емес.
Ескертпе:
Роботты қосу үшін түймесін басып
тұрыңыз. Қуат индикаторы жанады және
робот күту режиміне кіреді. Роботты өшіру
үшін
түймесін басып тұрыңыз және
тазалау циклін аяқтаңыз.
Қосу/Өшіру
Тазалауды бастау үшін түймесін басыңыз.
Робот бөлмені қалай сканерлегеніне
байланысты тазалау бағытын
жоспарлайды. Ол бөлмені аймақтарға
бөліп, алдымен аймақтың жиектерімен
өтіп шығады, содан кейін сол аймақты
зигзаг бойынша тазалайды. Осылайша,
робот барлық аймақты бір-бірден тазалап
шығып, үйді толығымен тазалайды.
Тазалаудыбастау
1-аймақ –
Тазаланды
4-аймақ –
Келесі
аймақ
2-аймақ –
Тазаланды
3-аймақ –
Жұмыс
барысында
Нүктелі тазалаудан кейін робот автоматты
түрде бастапқы нүктеге қайтады және Күту режиміне кіреді.
Ескертпе:
Нүктелі тазалау процесін бастау үшін
түймесін басыңыз.
Тазалау аралығы: Робот өзінің
айналасындағы 1,5 м (4,9 фут) x 1,5 м (4,9 фут)
болатын квадраттық аймақты тазалайды.
Нүктелітазалау
Робот жүріп бара жатқанда, кез келген
түймені бассаңыз, ол тоқтап қалады,
тазалауды жалғастыру үшін
түймесін
басыңыз, ал
түймесін бассаңыз, ол док
станцияға қайтады.
Кідірту
Тоқтап тұрған роботты док станцияға
қолмен апарсаңыз, ол тазалау процесін аяқтайды.
Ескертпе:
Егер робот 10 минуттан артық жұмыс
істемей тұрса, ол ұйқы режиміне кіреді
және қуат индикаторы бірнеше секундта
бір рет жыпылықтап тұрады. Роботты
ұйқы режимінен шығару үшін кез келген
түймені басыңыз.
Ұйқырежимі
Ескертпелер:
Роботтың автоматты түрде шаң сорып, док
станцияға қайтуы үшін, роботты док станциядан
іске қосыңыз. Тазалау барысында док станцияны
жылжытуға болмайды.
Батарея заряды өте төмен болса, тазалау процесі
басталмайды. Тазалау процесін бастамас бұрын,
роботты зарядтап алыңыз.
Егер тазалау процесі 10 минутқа жетпей аяқталса,
аймақ екі рет тазаланады.
Тазалау барысында батарея қуаты азайып қалса,
робот автоматты түрде док станцияға қайтады.
Зарядталғаннан кейін робот тоқтаған жерінен әрі
қарай жалғастырады.
Әрбір еден жуу тапсырмасын бастамас бұрын еден жууға
арналған шүберек дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Ескертпелер:
Робот зарядталып жатқанда, ұйқы режиміне
кірмейді.
Робот ұйқы режимінде 12 сағаттан артық қалып
кетсе, автоматты түрде өшіп қалады.

Содержание

Похожие устройства