Brayer BR1901 Руководство по эксплуатации онлайн [46/56] 797159

Brayer BR1901 Руководство по эксплуатации онлайн [46/56] 797159
46
KZ
қолыңызды тигізбеңіз, медициналық қолғапты
қолданыңыз.
- өнімдердің дайындығын тексеру кезінде ша-
нышқыны немесе басқа асүйлік аксессуарды
қолданыңыз, өнімдерге қолыңызды тигізбеңіз.
- кептіргіш жұмыс істеп тұрған кезінде жанында үй
жануарларының болмауын қадағалаңыз.
Жемістер мен көкөністерді таңдау
Тек піскен жемістер мен жаңа піскен көкөністерді
пайдаланыңыз, піспеген жемістерден кептіру кезінде
бөгде дәм шығуы мүмкін, пісуі асып кеткен жемістер
түсін өзгертуі мүмкін.
Көкөністерде қант пен қышқылдар азырақ,
сондықтан кептіруге бәрі бірдей қолайлы емес,
брокколи немесе спаржаны кептірмей, мұздатуға
кеңес беріледі.
Кептірілген жемістер мен көкөністер сәл жұмсақ
және ылғалсыз болуы керек, асыра кептірілген жемі-
стер мен көкөністер жеңіл үгіледі және құрамында
құнарлы заттары аз болады.
Жемістер мен көкөністерді дайындау
Кептіру алдында жемістерді немесе көкөністерді
мұқият жуыңыз, және оларды құрғатыңыз.
Жемістердің сабақтарын, сүйектерін алып тастаңыз,
егер жемістерге балауыз жағылған болса, оларды
аршыңыз.
Егер көкөністердің қабығы қалың болса, оны кесіп
тастаңыз.
Жемістерді немесе көкөністерді тілімдерге немесе
текшелерге кесіңіз, жидектерді, мысалы, жүзімді
бүтіндей кептіріңіз.
Жемістерді алдын-ала өңдеу
Кейбір жемістер балауыз қабатымен жабылған,
балауызды кетіру үшін сіз қабығын аршыңыз не-
месе жемісті 1 минут қайнаған суға салыңыз.
Жемістің табиғи түсін сақтау үшін лимон, апельсин
немесе лайм шырынын қолданыңыз. Кесілген
жемістердің бөліктерін шырынға 2-4 минутқа
батырыңыз, оларды шығарып алыңыз, құрғатыңыз
және кептіру үшін торларға (5) салыңыз.
Жемістердің дәмін күшейту үшін кептіріліп жатқан
жемістердің шырынын пайдаланыңыз (мысалы,
алма шырынын алма үшін). Шамамен 50-60 мл
шырынды 400 мл қайнаған суға араластырыңыз,
туралған жемістерді шырын ерітіндісіне баты-
рыңыз, шамамен 1-2 сағатқа, жемістерді шығарып
алыңыз, құрғатыңыз және торларға (5) салыңыз.
Көкөністерді алдын-ала өңдеу
Кептіру және сақтау кезінде дәмінің өзгеруіне
жол бермеу үшін көкөністерді алдын-ала өңдеу
ұсынылады.
Көкөністерді бумен өңдеуге болады немесе
біраз уақыт микротолқынды пешке салыңыз, бұл
алдын-ала өңдеу әдістері көкөністерді қайнаған
сумен өңдегеннен жақсырақ.
Буға пісіргішті қолданған кезде, көкөністерді буға
пісіргіштің жоғарғы науасына салыңыз да, оларды

Содержание

Похожие устройства

Скачать