Brayer BR1901 Руководство по эксплуатации онлайн [47/56] 797159

Brayer BR1901 Руководство по эксплуатации онлайн [47/56] 797159
47
KZ
2-3 минут қыздырыңыз, содан кейін көкөністерді
торларға (5) салыңыз.
Көкөністерді АЖЖ пештерде қолдануға арналған
қолайлы сыйымдылыққа салыңыз да, аз мөлшерде
су қосыңыз. Сыйымдылықты қақпақпен жауып, ми-
кротолқынды пешке қойыңыз. Сіздің АЖЖ пешіңіздің
нұсқаулығында көрсетілген, көкөністерді пісіру
уақытының «төрттен бір бөлігін» құрайтын жұмыс
уақытын орнатыңыз. Дайын көкөністерді торларға
(5) салыңыз.
Туралған көкөністерді қайнаған суға 2-4 минутқа
салуға болады, содан кейін оны шығарып алып,
құрғатып, торларға (5) саласыз.
Балық пен етті кептіру бойынша ұсыныстар
Кептіру үшін тек жас балықты және майсыз арық
етті, мысалы сиыр немесе құс етін қолданыңыз.
Балықты немесе етті кептірмес бұрын, сіздің ден-
саулығыңызды сақтау үшін және ол міндетті болып
табылады, өнімдерді міндетті түрде алдын-ала дай-
ындау қажет, сондықтан кептіру алдында алдын-ала
маринадтаңыз немесе өнімдерді пісіріп алыңыз.
Кептірілген балық пен етті бірінші немесе екінші
тағамдарды дайындау үшін қолданыңыз.
Тағамдарды даярлау алдында кептірілген балық
пен етті суда немесе сорпада шамамен бір сағат
алдын-ала жібітіп алу ұсынылады.
Еттің тұздығына арналған рецепт:
- 100 мл соя тұздығы
- 1 шай қасық ұсақталған сарымсақ
- 2 ас қасық томат пастасы
- талғамыңызға қарай тұз бен дәмдеуіштерді
қосыңыз
Етті кептіру
Сиыр етін немесе құс етін кішкене кесектерге тал-
шықтарына көлденең кесіңіз. Етті 2-3 сағат бойы
маринадтаңыз, содан кейін етті шығарып алыңыз,
құрғатыңыз және торларға (2) жайыңыз.
Етті кептіру уақыты кептіру температурасы 60-
70ºС болғанда, шамамен 8-ден 15 сағатқа дейін.
Кептірілген етті бөлме температурасында,
герметикалық қаптамада 2 аптадан асырмай,
тоңазытқышта - 3 айдан асырмай сақтаңыз.
Балықты кептіру
Кептіру үшін тек жас балықты қолданыңыз, мұзда-
тылған балықты пайдаланбаңыз.
Балықтан сүйектерін алып тастаңыз және оны
кесектерге кесіңіз.
Балық кесектерін тұз ерітіндісіне салыңыз (1
литр суға 100 г тұз), балық салынған ыдысты 30
минутқа тоңазытқышқа қойыңыз, балық кесектерін
шығарып алыңыз, құрғатыңыз және торларға (5)
жайыңыз.
Балықты шырыны шығуын тоқтатқанша кептіріңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать