Beko MGC20130BB [61/86] Пайдалану

Beko MGC20130BB [61/86] Пайдалану
61 / KZ
Микротолқынды пеш / Пайдаланушы нұсқаулығы
4 Пайдалану
4.11 Түйменің жабысып қалуынан қорғау
Кез келген күйде басқару панеліндегі кез келген түйме 1 минут бойы жабысып қалса, бағдарлама
бірден жұмысын тоқтатады, дисплейде «E-1(СӘТСІЗ) хабары көрсетіледі және жүйе дыбыстық
сигнал береді. Түйме үнемі жабысып тұрса, дыбыстық сигнал әр минут сайын естіледі. Кез келген
түйме сол кезде жарамсыз болады. Ақаулықтарды жойғаннан кейін, күту режиміне оралу үшін
«CANCEL» (БАС ТАРТУ) түймесін басыңыз.
4.12 Автоматты түрде пісіру
Келесі тамақ немесе пісіру режимі үшін пісіру қуаты мен уақытын бағдарламалау керек емес. Сіз
дайындағыңыз келетін тамақ түрін, сондай-ақ тамақтың салмағын немесе порцияларын көрсету
жеткілікті.
1. Күту режимінде тамақтың салмағын немесе порцияларын орнату үшін сәйкес мәзір түймесін бір
немесе бірнеше рет басыңыз.
2. Бастау үшін «START/STOP» (БАСТАУ/ТОҚТАТУ) түймесін басыңыз.
Тамақ Ескертпе
Шоколад (50 г, 100 г)
Автоматты түрде пісіру нәтижесі тамақтың пішіні мен өлшемі, кейбір
тамақтардың дайындығына жеке қалауыңыз және тіпті тамақты пешке
қаншалықты дұрыс қою сияқты факторларға байланысты. Нәтижені
қанағаттанарлықсыз деп тапсаңыз, пісіру уақытын сәйкесінше аздап
реттеңіз.
Қартоп (230 г/порция, 1-3 порция)
Көкөніс (200-600 г)
Пицца (200 г, 300 г, 400 г)
Макарон өнімдері (50 г, 100 г, 150 г)
Күріш (200-600 г)
Тауық еті (500-1200 г)
Ет (200-700 г)
Балық (150-600 г)
Қайта қыздыру (200-600 г)

Содержание

Похожие устройства

Скачать