Crown CT13497-125 [154/176] Мүмкіндіктері

Crown CT13497-125 [154/176] Мүмкіндіктері
154
Қазақ тілі
Қосымша тұтқаны 5 басқа ирек оймалы
саңылауға бұраңыз.
Қорғау жиегі
Кесу және тегістеу дискілерін
қолданғанда әрқашан 4 қорғағыш
қабын пайдаланыңыз. Жоғарыда
аталған қосалқы құралдарды 4
қорғағыш қабынсыз пайдалануға қатаң тыйым
салынады. 4 қорғағыш қабы операторға
әрқашан жабық бөлігімен қарап тұруы керек.
Қорғағыш қапты бекіту / ажырату (2 сур.
қараңыз)
Бұрауыш (электр құралмен бірге қамтамасыз
етілмеген) арқылы корпус бұрандасын 10
босатыңыз және қорғағыш корпусты 4 шпиндель
мойнына орнатыңыз, бекіту шығыңқы жері 9
шпиндель мойнының ұзына бойы ойығына келуін
қадағалаңыз (2 сур. қараңыз).
Қорғағыш корпусты 4 қажет күйге бұрып, корпус
бұрандасын 10 бұрауышпен лектр құралмен бірге
қамтамасыз етілмеген) тартыңыз.
4 қорғағыш қабын ажырату кезінде жоғарыда
аталған әрекеттерді кері ретпен қайталаңыз.
Жарақтарды орнату / ауыстыру
Қосалқы құралдардың кез келген
түрін бекітуден кейін жұмысты
бастамай тұрып сынақ іске қосуды
орындаңыз - электр құралын іске
қосып, 30 секундтан кем емес бос режимде
жұмыс істетіңіз. Радиалдық немесе осьтік
ауытқуы бар қосалқы құралдарды пайдалануға
және электр құралының артық дірілдеуін
тудыруға қатаң тыйым салынады.
Қосалқы құралдарды бекіту /
ауыстыру үшін қорғағыш қолғапты
кию ұсынылады.
Кесу / тегістеу дискісін бекіту (3 сур. қараңыз)
12 фланецін 11 шпинделіне орнатыңыз (3 сур.
қараңыз).
Жоғарыда аталған қосалқы құралдардың
біреуін 11 шпинделіне орнатыңыз.
2 шпиндель құлпын басып тұрыңыз.
14 қысу гайкасын 11 шпинделіне бұрап, 8
фланецтік кілтімен бекемдеңіз. Назар аударыңыз:
қалыңдығы 4 мм-ден асатын қосалқы
құралдарды бекіткенде 14 қысу гайкасын
аудару керек (3 сур. қараңыз).
2 шпиндель құлпын босатыңыз.
Кесу / тегістеу дискісін ауыстыру (3-4 сур.
қараңыз)
2 шпиндель құлпын басып тұрыңыз.
14 құлыптау гайкасын 8 фланецтік кілтімен
босатыңыз (4 сур. қараңыз).
Қосалқы құралды ауыстырыңыз.
14 қысу гайкасын 11 шпинделіне бұрап, 8
фланецтік кілтімен бекемдеңіз. Назар аударыңыз:
қалыңдығы 4 мм-ден асатын қосалқы
құралдарды бекіткенде 14 қысу гайкасын
аудару керек (3 сур. қараңыз).
2 шпиндель құлпын босатыңыз.
Қозғалтқыш құралды алғашқы рет іске
қосу
Әрдайым дұрыс электр кернеуін қолданыңыз:
Қозғалтқыш құралдың электр кернеуі құралдың
жеке мәліметтері бар тілімшеде көрсетілген электр
кернеуіне сәйкес болуы керек.
Қозғалтқыш құралды қосу / өшіру
Қосу:
Қосу / өшіру қосқышының 6 артқы бөлігін басыңыз
және оны осы күйде ұстап тұрып, қосу / өшіру
қосқышын 6 алға жылжытыңыз. Басылған күйде
бекіту үшін қосу / өшіру қосқышының 6 алдыңғы
бөлігін басыңыз.
Өшіру:
6 қосу / өшіру қосқышының артқы бөлігін басыңыз.
Қозғалтқыш құралдың дизайн
мүмкіндіктері
Жылдамдықтарды дискілі ауыстырғыш
[CT13502-115V, CT13502-125V]
15 айналуды реттеу қосқышын пайдаланып қажет
шпиндель жылдамдығын таңдауға болады (жұмыс
кезінде де).
Талап етілетін жылдамдық материалға байланысты
болып, тәжірибелік сынақтар арқылы анықталуы
мүмкін.
Электраспабымен ұзақ уақыт бойы төмен
жылдамдықпен жұмыс істеу кезінде, оны 3 минут
бойы салқындату қажет. Оны жасау үшін ең жоғары
жылдамдықты орнатып, электраспабын жұмыс
істетіңіз.
Қозғалтыш құралды қолданубойынша
ұсыныстар
Кесу (5-6 сур. қараңыз)
Kесу дискін төменде сипатталғандай орнатыңыз.
Электр құралын іске қосыңыз, қозғалтқыш ең
жоғары жылдамдыққа жеткенше күтіңіз және
тек содан кейін тегістеу дискісін өңделетін бетке
ақырын жақындатыңыз.
Электр құралына артық қысым қолданбаңыз,
өйткені бұл жақсырақ нәтижелерді бермейді, ал
қозғалтқышқа артық жүктеме түсіреді және кесу
дискін тезірек тоздырады.
Электр құралын кесу сызығының бойымен пішінді
өзгертпей, дірілдейтін және кенет қозғалыстар
жасамай жылжытыңыз.
Кесуді 5 суретте көрсетілген бағытта орындау
керек. Кері бағытта кескенде электр құралын

Содержание

Похожие устройства

Скачать