PlayStation 5 Digital Edition CFI-1008B [38/56] Ескерту

PlayStation 5 Digital Edition CFI-1008B [38/56] Ескерту
38
ЕСКЕРТУ
Ток соғуы
Электр ток соғуын болдырмау үшін құрылғы корпусын
ашпаңыз. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тек білікті
мамандарға жүгініңіз.
Қозғалатын желдеткіш қалақтары
Желдеткіш қалақтарына дене бөліктерін жақындатпаңыз.
Жарық стимуляциясы тудырған ұстамалар
(жарықсезгіш эпилепсия)
Эпилепсияға шалдыққан болсаңыз немесе талмаларды бастан кешірсеңіз,
консольді пайдалану алдында дәрігерден кеңес алыңыз.
Жыпылықтайтын жарықтарға немесе геометриялық пішіндерге және өрнектерге
сезімтал кейбір тұлғаларда анықталмаған эпилепсиялық күй болуы мүмкін және
компьютерлік ойындарды ойнағанда немесе бейне мазмұнды көргенде
эпилепсиялық ұстамаларға ұшырауы мүмкін.
Компьютерлік ойындарды ойнау немесе бейне мазмұнды көру кезінде
жыпылықтайтын жарықтар немесе басқа жарық стимуляциясы әсер етсе, келесі
денсаулық мәселелері немесе белгілері байқалса, ПАЙДАЛАНУДЫ ДЕРЕУ
ТОҚТАТЫҢЫЗ: көздердің ауыруы, көру қабілетінің өзгеруі, бас сақинасы,
бұлшықеттердің тартылуы, тырыспа немесе басқа еріксіз қозғалыстар,
көздің қарауытуы, есінен тану, я болмаса абдырау немесе бағыттан адасу.
Жоғарыдағыларға қоса, келесі белгілер байқалса, ПАЙДАЛАНУДЫ ДЕРЕУ
ТОҚТАТЫҢЫЗ: ойнау кезіндегі бас ауыруы, бас айналуы, лоқсу, қалжырау,
қозғалыстан лоқсуға ұқсас белгілер, я болмаса көздер, құлақтар, қолдар, аяқтар
сияқты кез келген дене бөлігіндегі ыңғайсыздық немесе ауыру. Бұл жағдай
тоқтамаса, медициналық көмекке жүгініңіз.
Радиотолқындар
Радиотолқындар электрондық жабдыққа немесе медициналық құрылғыларға
(мысалы, кардиостимуляторларға) әсер етіп, бұл ақаулықтарға және ықтимал
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Кардиостимуляторды немесе басқа медициналық құрылғыны пайдалансаңыз,
сымсыз желі мүмкіндігін (Bluetooth
®
және сымсыз жергілікті желі) пайдалану
алдында дәрігерден немесе медициналық құрылғы өндірушісінен кеңес алыңыз.
Келесі жерлерде сымсыз желі мүмкіндігін пайдаланбаңыз:
Ауруханалар сияқты сымсыз желіні пайдалануға тыйым салынған аумақтар.
Консольді медициналық мекемеде пайдаланғанда, сол мекеменің ережелерін
сақтаңыз.
Өрт дабылдары, автоматты есіктер және автоматтандырылған жабдықтың
басқа түрлерінің жанындағы аумақтар.
Магниттер
Бұл өнімдерде кардиостимуляторларға, дефибрилляторларға және
бағдарламаланатын шунттау клапандарына немесе басқа медициналық
құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін магниттер бар. Бұл өнімдерді осындай
медициналық құрылғыларға немесе медициналық құрылғыларды пайдаланатын
адамдарға жақын қоймаңыз. Мұндай медициналық құрылғыларды пайдалансаңыз,
осы өнімдерді пайдалану алдында дәрігерге хабарласыңыз.
Гарнитураларды немесе құлаққаптарды пайдалану
Гарнитураны немесе құлаққапты (жинаққа кірмейді) жоғары дыбыс деңгейімен
пайдаланса, есту қабілеті мүлдем жоғалуы мүмкін. Дыбыс деңгейін қауіпсіз
деңгейге орнатыңыз. Уақыт өте келе деңгейі артатын дыбыс қалыпты естілуі мүмкін,
бірақ іс жүзінде есту қабілетіңізді зақымдап жатқан болуыңыз мүмкін. Егер
құлағыңызға қандайда шуыл естілсе, ыңғайсыздық тудырса немесе сұхбат
бәсеңдеп естілсе, тыңдауды тоқтатып, есту қабілетіңізді тексеріңіз. Дыбыс деңгейі
қатты болған сайын, есту қабілетіңізге соғұрлым жылдам әсер етеді.
82934_0007_sy_Safety_Guide_RUSIND.indb 38 17/08/2020 16:31

Содержание

Похожие устройства

Скачать