PlayStation 5 Digital Edition CFI-1008B [46/56] Кепілдік

PlayStation 5 Digital Edition CFI-1008B [46/56] Кепілдік
46
Сымсыз басқару құралы
Ену тогының көрсеткіші
5 В 1 500 мА
Батарея типі
Ішкі литий-ионды батарея
Батарея вольтажи
3,65 В
Батарея сыйымдылығы
1 560 мАс
Жұмыс температурасы
5 °C ден 35 °C
Салмағы
Шамамен 280 г
Өндіруші ел
Қытай
КЕПІЛДІК
КЕПІЛДІК
Осы Өнімді сатып алғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өнімге риза
болады деп сенеміз. «Өнім» термині PlayStation® консолін және PlayStation®
консолінің жинағына кіретін барлық ресми расталған сыртқы PlayStation®
құрылғыларын білдіреді.
Келесіні ескеріңіз: өнімде алдын-ала орнатылған немесе кейінірек түзетілген
немесе жаңартылған нұсқа түрінде ұсынылатын жүйелік бағдарламалық қамтым
сізге лицензия негізінде ұсынылады, сатылмайды және тек Өнімнің бөлігі ретінде
қолдану үшін арналады. Осы жүйелік бағдарламалық қамтым шарттары playstation.
com/legal сайтында келтірілген.
Бұл Кепілдік Сізге, Грэйт Мальборо көшесі 10, Лондон қаласы, Ұлыбритания,
W1F 7LP мекен-жайы бойынша орналасқан Sony Interactive Entertainment
Europe Limited («SIEE») компаниясы Өнімінің бірінші пайдаланушысына беріледі.
Ол сіз үшін арналған және өзге тұлға оны пайдалана алмайды. Бұл Кепілдік
пайдаланушы құқықтарына (заң орнатқан) қосымша болып табылады және
оларға ешқалай әсер етпейді.
Біздің сізге Кепілдігіміз: SIEE материалдар және Өнім өндіруге байланысты
ақаулардың жоқтығын кепілдейді. Төменде атап өтілген шарттарға сәйкес тиісті
пайдаланылған жағдайда Өнім ақаулығы пайда болса және ол ақаулық материал
немесе өндіру кемшіліктерімен байланысты болса, компания бірінші сатып алу
күнінен бастап 1 (бір) жыл ішінде («Кепілдік мерзімі») осы Өнімнің кез-келген
құрамдас бөлігін тегін өңдеуге немесе (SIEE қарастыруы бойынша) ауыстыруға
міндеттенеді. Жаңа немесе қалпына келтірілген құрамдас бөлік немесе консоль
(SIEE қарастыруы бойынша) ауыстырылады. Ауыстырылған құрамдас бөлік
кепілідігі 3 (үш) ай және бастапқы кепілдік мерзімінің қалған уақытында әрекет
етеді. Бұл Кепілдік пайдаланушы мәліметтерін, Өнім жинағына қосылған
не қосылмаған кез-келген бөлек бағдарламалық қамтым немесе PlayStation®
ойындарын, сонымен қатар SIEE компаниясы немесе ол үшін өндірілмеген
кез-келген басқа PlayStation® қосымша жабдықтарын қамтымайды.
82934_0007_sy_Safety_Guide_RUSIND.indb 46 17/08/2020 16:31

Содержание

Похожие устройства

Скачать