PlayStation 5 Digital Edition CFI-1008B [42/56] Сақтық шаралары

PlayStation 5 Digital Edition CFI-1008B [42/56] Сақтық шаралары
42
Сақтық шаралары
Осы өнімді пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығып, оны алдағы
уақытта қолдану үшін сақтап қойыңыз. Ата-аналар мен қамқоршылар бұл
нұсқаулықты оқып, балалардың барлық қауіпсіздік шараларын сақтауын
қадағалауы тиіс.
Қауіпсіздік
Бұл өнім қауіпсіздікті ескере отырып жобаланған. Дегенмен қате пайдаланылса,
кез келген электр құрылғысы өртке, ток соғуына немесе жарақатқа әкелуі мүмкін.
Апаттық жағдайларсыз пайдалану үшін, осы нұсқауларды орындаңыз.
Барлық ескертулерді, сақтық шараларын және нұсқауларды орындаңыз.
Осы нұсқаулықтағы кез келген ақпаратқа сенімді болмасаңыз, «Кепілдік»
бөліміндегі тиісті PlayStation
®
тұтынушыларды қолдау қызметінің анықтамалық
желісіне хабарласыңыз.
Айнымалы ток сымын пайдалану
Айнымалы ток сымында зақым бар-жоғын және қуат ашасы немесе электр
розеткасы айналасында шаң жиналғанын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
Егер құрылғы дұрыс жұмыс істемесе, қалыптан тыс дыбыстар мен иіс шығарса,
қолмен ұстау мүмкін болмайтындай қызып кетсе, қолдануды тоқтатып, айнымалы
ток сымын электр розеткасынан суырып, барлық басқа кабельдерді ажыратыңыз.
Консольді кез келген себеп бойынша ажырату керек болса, консольді розеткаға
оңай қол жеткізетін жерде қосыңыз және пайдаланыңыз.
Сымсыз басқару құралының дірілін пайдалану
Сымсыз басқару құралы тегіс бетте тұрса, ойын ойнау кезінде сымсыз
басқару құралы дірілдеп, құлап, жарақатқа немесе ақаулыққа әкелуі мүмкін.
Егер қандай да бір сырқатыңыз болса немесе сүйектердің, буындардың
немесе қолдың бұлшықеттері зақымдалған болса, діріл немесе триггерлік әсер
функциясын пайдаланбаңыз. Ауруыңыз немесе жарақатыңыз бар болса, бұл
функцияларды «Off» (Өшірулі) күйіне орнатпасаңыз, осы мүмкіндіктері бар
ойындарды басқару құралы арқылы ойнамаңыз. Бұл мүмкіндіктерді қосу үшін
бастапқы экраннан Settings (Параметрлер)
> Accessories (Аксессуарлар)
тармағын таңдаңыз.
Қақпақты пайдалану
Консольді қақпақсыз пайдаланбаңыз. Бұлай істеу өртке, ток соғуға немесе
ақаулыққа себеп болуы мүмкін.
Кішкентай балалардың жарақаттары
Осы өнімді кішкене балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Кішкентай
балалар шағын бөлшектерді жұтып қоюы немесе кабельдерге оралып қалулары
мүмкін, бұл жарақат алу, апатқа ұшырау немесе бұзылу қаупін тудыруы мүмкін.
Дыбыс деңгейі
Есту қабілетіңізді қорғау үшін. гарнитура немесе құлаққаптарды жоғары
дыбыс деңгейінде пайдалану уақытын шектеңіз.
Шулы ортаның дыбысын естімеу үшін дыбыс деңгейін арттырмаңыз.
Жаныңызда сөйлеп жатқан адамдарды ести алмасаңыз, дыбыс деңгейін
төмендетіңіз.
Консольді пайдалану және ұстау
Консольдің орны
Консоль денеден 20 см минималды қашықтықта орнатылуы және
басқарылуы керек.
Консольді жабық шкафта немесе жылылық жиналуы мүмкін басқа орындарда
пайдаланбаңыз. Бұлай істеу консольдің қызып кетуіне және өртке, жарақатқа
немесе ақаулыққа себеп болуы мүмкін.
Консоль тым қызып кетсе, экранда хабарландыру көрсетіледі. Бұл жағдайда
консольді өшіріңіз және суығанша күтіңіз. Пайдалануды жалғастыру зақымға
немесе ақаулыққа әкелуі мүмкін. Суығаннан кейін, пайдалануды жалғастыру
алдында консольді жақсы желдетілетін, жоғары температурада болмайтын
жерге көшіріңіз.
Пайдалану, тасымалдау және сақтау кезінде консольді, аксессуарларды
немесе батареяны жоғары температуралы, жоғары ылғалдықты немесе
тікелей күн жарығы түсетін орындарға қоймаңыз.
Жақсы желдетілетін аумақ
Жақсы желдетілетін аумақта пайдаланыңыз және теледидар экранынан
қауіпсіздік қашықтықты сақтаңыз.
Үзілістер
Консольді ұзақ пайдаланбаңыз. Әрбір бір сағат ойын барысында 15 минут
үзіліс жасаңыз.
Шаршап тұрғанда немесе ұйқыңыз келіп тұрғанда ойнамаңыз.
Сымсыз басқару құралын пайдалану кезінде шаршауды сезіне бастасаңыз,
я болмаса қолдарыңызда ыңғайсыздық немесе ауыру сезінсеңіз, консольді
пайдалануды бірден тоқтатыңыз. Денсаулығыңыз қалпына келмесе,
дәрігерге қаралыңыз.
Келесі денсаулық мәселелерінің кез келгені болса, консольді пайдалануды
дереу тоқтатыңыз. Симптомдар кетпесе, дәрігерге қаралыңыз.
Басы айналу, лоқсу, қалжырау немесе қозғалыстан лоқсуға ұқсас симптомдар.
Көздер, құлақтар, қолдар сияқты дене бөлігіндегі ыңғайсыздық немесе ауыру.
Сұйықтық, шаң, түтін және бу
Найзағайлы дауыл кезінде өнімге тимеңіз.
Өнімді су жанында пайдаланбаңыз.
Сұйықтықтың, шағын бөлшектердің немесе басқа бөгде заттардың өнімге кіруіне
жол бермеңіз.
82934_0007_sy_Safety_Guide_RUSIND.indb 42 17/08/2020 16:31

Содержание

Похожие устройства

Скачать