Haier HOQ-K5AAN3GW Руководство по эксплуатации онлайн [103/113] 803084

Haier HOQ-K5AAN3GW Руководство по эксплуатации онлайн [103/113] 803084
45
Есіктің шыны панельдерін тазалау үшін оларды шығарып алу
МАҢЫЗДЫ!
Жоғарғы элементті түсірмес бұрын, міндетті түрде қорек бауын суыру
арқылы тұмшапешті розеткадан ажыратыңыз. Жұмысты бастар алдында
тұмшапештің толық өшкеніне көз жеткізіңіз.
Міндетті түрде қауіпсіздік шаралары мен төменде жазылған
нұсқаулықтарды сақтаңыз. Әйнектер мен есікті дұрыс орнатпау
тұмшапештің зақымдалуына және кепілдік күшінің жойылуына әкелуі
мүмкін.
Сақ болыңыз, тұмшапештің есігі ауыр (11 кг). Егер күдігіңіз болса, есікті
алуға тырыспаңыз.
Тұмшапеш пен оның барлық бөлшектерінің суығанына көз жеткізіңіз.
Ыстық тұмшапештің бөліктеріне қол тигізуге тырыспаңыз.
Шыны панельдерді ұстағанда аса сақ болыңыз. Шынының бұрыштары
мен шеттерін басқа беттерге соғып алмаңыз. Шыны сынуы мүмкін.
Әйнек беттерді тазалау үшін, тұмшапешті тазалауға арналған және
басқа қатты немесе абразивті тазалағыш құралдар, зімпара қабығын,
қырғыш немесе сымды жөкелер пайдаланбаңыз. Олар шыныны
сырып, арнайы жабынын зақымдауы мүмкін, бұл өз кезегінде оның
шытынап, бүлінуіне әкеледі.
Шыны панельдің зақымдану белгілері (мысалы, сынықтар немесе
жарықтар) табылса, пешті пайдаланбаңыз. Авторланған сервистік
орталыққа немесе клиенттерге қызмет көрсету бөліміне қоңырау
шалыңыз.
Барлық шыны панельді ауыстыру дұрыс орындалғанына көз жеткізіңіз.
Әйнек панельдер орнына тиісінше орнатылғанша тұмшапешті
пайдаланбаңыз.
Егер шыны панельдерді алу немесе ауыстыру қиын болса, оларды
алуға күш салмаңыз. Авторланған сервистік орталыққа немесе
клиенттерге қызмет көрсету бөліміне қоңырау шалыңыз.
Ескертпелер: Кепілдік тұмшапешті пайдалану немесе оған қызмет көрсету
бойынша көмек көрсететін мамандардың баруына қолданылмайды.
Әйнек тазалауды жеңілдету үшін, есікті шешіп алған дұрыс болады.
Нұсқаулықтар “Тұмшапештің есігін алу және қайта орнату” бөлімінде
жазылған. Есікті алған соң оны жұмсақ, таза, тегіс бетке қойыңыз.
Міндетті түрде қауіпсіздік шаралары мен төменде жазылған
нұсқаулықтарды мұқият сақтаңыз. Әйнектер мен есікті дұрыс орнатпау
тұмшапештің зақымдалуына және кепілдік күшінің жойылуына әкелуі
мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать