Haier HOQ-K5AAN3GW [74/113] Құрылғының функциялары

Haier HOQ-K5AAN3GW [74/113] Құрылғының функциялары
16
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Уақытты орнату функциясы
Уақыт параметрлерін кез келген уақытта түймесін басу арқылы
өзгертуге болады.
Пісіру ұзақтығын, таймерді және пісіру уақытының аяқталу уақытын
кезекпен орнату үшін түймесін басуды жалғастырыңыз.
Таймер минуттармен кері санауды жүргізеді (сағат:мин).
Таймерді қоюға болатын максимал уақыт – 23 сағат 59 минут.
1.
Пісіру уақытының ұзақтығын орнату
1. түймесін басыңыз, пісіру уақытының индикаторы пайда болады .
2. Мәндерді таңдау реттегішімен уақытты орнатыңыз.
3. Пісіру уақыты саусағыңызды басқару тақтасынан алғаннан кейін 6
секундтан кейін орнатылады.
Тәулік уақытын білу үшін таңдау үшін түймесін түртіңіз. Бұл
әрекет таймердің жұмысына әсер етпейді.
Пісіру ұзақтығының баптауларын өзгерту
1. Қалған уақытты таңдау үшін батырмасын басыңыз.
2. Мәндерді таңдау реттегішімен жаңа уақытты орнатыңыз.
3. Саусағыңызды панельден алыңыз, сонда уақыт расталады.
Белгіленген уақыт аяқталғанда
Дисплейде “END” жазуы пайда болады және бірнеше секунд сайын
естілетін дыбыстық сигнал шығады.
Дисплейде соңғы пайдалану ұзақтығы көрсетіледі.
МАҢЫЗДЫ:
Егер дайындау ұзақтығын белгілемей ас әзірлей бастасаңыз,
тұмшапеш сіз қолмен тоқтатқанша үздіксіз жұмыс істейтін болады, ал
дисплейде уақыт санау 00:00-ден басталады.
Егер дисплейде уақыт саналып жатса және сіз ұзақтығын белгілесеңіз,
дисплей белгіленген уақыт аяқталғанша кері санауды жүргізеді.
Егер сіз ас дайындау ұзақтығын белгілесеңіз, тұмшапеш белгіленген
уақыт аяқталғанда өшеді.
Акватазалау ° функциясы үшін тазалау ұзақтығын орнату мүмкін емес.

Содержание

Похожие устройства

Скачать