Samsung WD80K52E0ZW/LD [175/192] Ескертпе

Samsung WD80K52E0ZW/LD [175/192] Ескертпе
Қазақша 47
Күтім көрсету
Сорғының сүзгісі
Сорғының сүзгісі бітеліп қалмау үшін жылына 5 немесе 6 рет жууды ұсынамыз. Сорғының
сүзгісі бітеліп қалса, көпіршіктің әсерін төмендетуі мүмкін.
A
1. Кір жуғыш машинаны сөндіру үшін қуат
сымын ағытыңыз.
2. 45-беттегі “Төтенше жағдайда ағызу
бөліміне қарап барабан ішінде қалған
суды ағызыңыз.
3. Ашу үшін сүзгі қақпағының үстіңгі жағын
баппен түртіңіз.
4. Сорғы сүзгісінің тетігін (A) солға бұрап,
қалған суды төгіңіз.
5. Сорғы сүзгісін жұмсақ шөткемен
тазалаңыз. Сүзгінің ішіндегі су төгетін
сорғы қозғалтқышының бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
6. Сорғы сүзгісін қайта салып, сүзгінің тетігін
оңға бұраңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Кейбір сорғы сүзгілерінде балалар
төтенше жағдайға тап болуға жол
бермеуге арналған қауіпсіздік құралы бар.
Сорғы сүзгісінің қауіпсіздік құралын ашу
үшін басып, сағат тілінің бағытына қарсы
бұраңыз. Қауіпсіздік құралының серпімді
механизмі сүзгіні ашуға көмектеседі.
Сорғы сүзгісінің қауіпсіздік құралын жабу
үшін сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Серіппе тарсылдаған дыбыс шығаруы
мүмкін, бұл қалыпты жағдай.
ЕСКЕРТПЕ
Егер сорғы сүзгісі бітеліп қалса экранда “5C” ақпарат коды пайда болады.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
Сүзгіні тазалап болғаннан кейін сүзгі тетігінің дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз. Бұлай
істемегенде, су ағуы мүмкін.
WD80K52E0AW_04057B-00_KK.indd 47 2019/5/14 16:09:21

Содержание

Похожие устройства

Скачать