LG OLED55G3RLA [28/60] Орнату

LG OLED55C3RLA [28/60] Орнату
4
Орнату
Теледидарды көтеру және жылжыту
Теледидарды жылжытқанда немесе көтергенде, теледидарды
сырылу және зақымнан қорғап, түріне және көлеміне
қарамастан қауіпсіз түрде тасымалдау үшін, төмендегі
ақпаратты оқыңыз.
Теледидарды зауытта салынған қорабында немесе
орамында тасымалдаған жөн.
Теледидарды жылжыту немесе көтеру үшін, алдымен қуат
сымын және барлық кабельдерді ажырату керек.
Теледидарды ұстағанда, зақымды болдырмау үшін экран
сізге қарамай тұруы керек.
Теледидар жақтауының бүйірі мен түбін жақсылап ұстаңыз.
Мөлдір бөлікті, динамикті немесе динамик торының
аймағын ұстамаңыз.
Үлкен теледидарды кемінде 2 адам тасымалдауы керек.
Тасымалдағанда, теледидарды қатты шайқамаңыз.
Тасымалдағанда, теледидарды тігінен ұстаңыз. Жанына
жатқызбаңыз және сол немесе оң жағына қарай
еңкейтпеңіз.
Жақтау шассиін иетін/майыстыратындай шамадан тыс күш
салмаңыз, себебі бұл экранды зақымдауы мүмкін.
Теледидарды ұстағанда шығыңқы бастырмаларды
зақымдап алмаңыз.
Экранды ұстамаңыз, себебі бұл экранның зақымдалуына
себеп болуы мүмкін.
Тіректі теледидарға бекіткен кезде, экран сырылып
қалмауы үшін оның бетін төмен қаратып, төсем төселген
үстелге қою керек Экранды ұстамаңыз, себебі бұл
экранның зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
Үстелге орнату
1 Теледидарды көтеріп, үстелге тігінен қойыңыз.
Тиісті түрде желдету үшін, қабырғадан 10 cм (ең азы) бос
орын қалдырыңыз.
2 Қуат сымын қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
Өнімді құрастырғанда бұрама бөліктеріне бөтен заттарды
(май, майлау заттарын, т.б.) жақпаңыз. (Бұл өнімді бүлдіруі
мүмкін.)
Қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету үшін
қорғалмаған заттарды қолданбаңыз.
Мақұлданбаған өнімдерді пайдаланудан туындаған
зақымдар немесе залал кепілдікке кірмейді.
Теледидарды тірекке орнатсаңыз, өнімнің аударылуын
болдырмау әрекеттерін орындау керек. Әйтпесе, өнім
аударылып, жарақаттауы мүмкін.
Тіреуішті құрастырған кезде барлық берілген
бұрандалардың бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Бұрандалар
толығымен бекітілмесе, өнім еңкейіп немесе аударылып,
нәтижесінде зақымдалуы мүмкін. Бұрандаларды шамадан
тыс күшпен бұрау бұрандалы қосылыстардың қажалуына
байланысты олардың шығып кетуіне әкелуі мүмкін.
Егер бұру бұрышын реттеу бойынша мәселе туындаса,
онда өнімді сәл көтеріп, қайтадан қойыңыз. (Үлгіге
байланысты)
Теледидарды қабырғаға бекіту
1 Артқы біліктер немесе теледидардың артқы жағы және
құрылғының жағына кронштейндер мен бұрандаларды
орнатыңыз.
Сақиналы болттардың орнында басқа болттар болса,
алдымен оларды шығарып алыңыз.
2 Қабырға кронштейндерін болттармен қабырғаға бекітіңіз.
Теледидар артындағы қабырға кронштейні мен сақиналы
болттардың орнын сәйкестендіріңіз.
3 Сақиналы болттарды және қабырға кронштейндерін
мықты баумен тартып байлап қойыңыз. Бауды тегіс бетке
көлденеңінен ұстаңыз.
Теледидар теңселмей тұратын мықты және үлкен үстел
немесе түпқойманы пайдаланыңыз.
Кронштейн, тростар, болттармен жабдықталмайды.
Косымша керек-жарақтарды жергілікті диллерлерден бөлек
сатып алуыңызға болады.

Содержание

Скачать