Tefal Essential Cook RK321A32 [84/108] Құрылғыны тазалау

Tefal Essential Cook RK321A32 [84/108] Құрылғыны тазалау
84
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
Құрылғыны қаптамасынан шығару
• Құрылғыны қаптамасынан шығарып, керек-жарақтар мен
құжаттарды ашыңыз.
• Корпусындағы арнайы түймесінен басып қақпағын ашыңыз
(1-сурет).
Нұсқаулықты оқып, онда берілген нұсқауларды мұқият
орындаңыз.
Құрылғыны тазалау
• Тостағанды (2-сурет), ішкі қақпақты және қысым клапанын (
және суреті) шығарыңыз.
• Тостаған, клапан мен ішкі қақпақты ысқышпен және ыдыс
жуатын сұйықтықпен жуыңыз.
• Құрылғының сыртын, қақпағын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
• Жақсылап құрғатыңыз.
• Барлық бөлшектерін бастапқы орындарына салыңыз. Ішкі
қақпақты құрылғының үстіңгі қақпағына дұрыстап орнатыңыз.
Ішкі қақпақты 2 шығыңқы бөліктің артына қойып, орнына
түскенше басыңыз. Қуат сымын пісіргіштің негізіндегі ұяға
жалғаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ МЕН БАРЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
• Табақтың сыртын мұқият сүртіңіз (әсіресе, түбін). Тостағанның
түбі мен қыздыру элементінде қалдықтар немесе сұйықтық жоқ
екеніне көз жеткізіңіз (5-сурет).
• Тостағанды құрылғыға салып, дұрыс орналастырыңыз (6-сурет).
• Ішкі қақпақ дұрыс тұрғанын тексеріңіз (3a-сурет).
• Қақпақты орнына түсіріңіз, сырт еткен дыбыс шығуы керек.
• Қуат сымының бір ұшын мультипісіргіштің негізіне, содан кейін
қуат көзіне жалғаңыз. Құрылғы "бип" еткен ұзақ сигнал шығарып,
басқару панеліндегі барлық индикаторлар біз мезетке жанады.
Экран дисплейінде "----" көрсетіліп, барлық индикаторлар өшеді.
Құрылғы күту режиміне өтеді, енді мәзірден қажетті функцияны
таңдауға болады.
• Өнім қуат көзіне қосылып тұрғанда және тамақ піскен кезде,

Содержание

Похожие устройства

Скачать