Tefal Essential Cook RK321A32 [92/108] Десерт функциясы

Tefal RK321A32 [92/108] Десерт функциясы
92
қолданылады. Соя сүті сияқты жасанды сүт немесе қой не ешкі
сүтін де пайдалануға болады, бірақ ондай жағдайда қолданылған
сүтке байланысты йогурттың қоюлығы әрқалай болады. Шикі сүт
немесе ұзақ сақталатын сүт және төменде сипатталған барлық
сүт түрлері құрылғыда йогурт дайындауға жарайды:
Ұзақ сақталатын стерильденген сүт: Жоғары температурамен
өңделген сүттен қою йогурт дайындалады. Жартылай
майсыздандырылған сүтті пайдалану жұмсағырақ йогуртқа
әкеледі. Дегенмен, жартылай майсыздандырылған сүтті
пайдалануға және ұнтақты сүттің бір немесе екі табағын қосуға
болады.
Пастерленген сүт: ондай сүттен бетінде қаймағы бар кілегейлі
йогурт шығады.
Шикі сүт (ферма сүті): қайнату қажет. Ұзақ қайнатқан жөн.
Ондай сүтті қайнатпай пайдалану қауіпті болуы мүмкін.
Құрылғыға құяр алдында қайнаған сүтті суыту қажет. Шикі
сүттен дайындалған йогуртпен ұйытпаған дұрыс.
Құрғақ сүт: құрғақ сүттен жасалған йогурт кілегейлі болады.
Өндірушінің қорабындағы нұсқаулар бойынша дайындаңыз.
Қаймағы алынбаған, әсіресе ұзақ сақталатын жоғары
температурамен өңделген сүтті алған дұрыс.
Шикі (жаңа сауылған) немесе пастерленген сүтті қайнатып,
суытып, қаймағын алу қажет.
ДЕСЕРТ ФУНКЦИЯСЫ
• <Menu> (Мәзір) түймесін <Dessert> (Десерт) функциясын
таңдау үшін басыңыз. Экранда әдепкі пісіру уақыты көрсетіліп,
«Start» (Қосу) шамы қызыл түспен жыпылықтайды.
• Әзірлеу уақытын алдымен «Preset / Timer» (Алдын-ала
орнатылған параметр/Таймер) түймесін, содан кейін «+» және
«−» түймелерін басу арқылы өзгертуге болады. Температураны
таңдау үшін «Temperature» (Температура) түймесін басыңыз.
• «Start» (Қосу) түймесін басыңыз. Мультипісіргіш «Dessert»
(Десерт) күйіне өтіп, «Start» (Қосу) шамы жанады да, экранда
қалған уақыт көрсетіледі.
• Тамақ піскенде, "бип" деген сигнал беріледі.
Ескертпе: Бұл функцияда жылуды сақтау функциясы істемейді.

Содержание

Похожие устройства

Скачать