Haier HMG-DG207BA [23/42] Назар аударыңыз

Haier HMG-DG207BA [23/42] Назар аударыңыз
2
МИКРОТОЛҚЫНДЫ ЭНЕРГИЯНЫҢ ЫҚТИМАЛ
ШАМАДАН ТЫС ӘСЕРІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУГЕ
АРНАЛҒАН САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
1. Пешті ашық есікшесімен пайдалануға тырыспаңыз, өйткені бұл микро-
толқынды энергияның зиянды әсеріне әкелуі мүмкін. Қорғаныш экранын
шешіп алмаңыз және сындырмаңыз.
2. Пештің беттік жағы мен есікшесі арасына ешқандай заттарды орналасты-
рмаңыз және тығыздағыш беттерде кірдің немесе тазартқыш құрал қал-
дықтарының жиналуына жол бермеңіз.
3. Егер пеш бүлінген болса, оны пайдаланбаңыз. Микротолқынды пештің есік-
шесі дұрыс жабылуы керек, онда
a) есікшеге (соның ішінде майысу болмауы керек),
b) ілмектер мен ысырмаларға (олар зақымдалмауы немесе босаңсымауы
керек),
c) есік тығыздағыштары мен тығыздағыштардың беттеріне зақым келме-
уі керек.
4. Пешті теңшеуді немесе жөндеуді тек білікті қызмет көрсетуші персонал
жүргізуі керек.
ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ
НҰСҚАУЛАР
Назар аударыңыз! Электр аспаптарын пайдаланған кезде, келесілерді
қоса, мынадай негізгі сақтық шараларын орындау керек. Күйіктер алу, электр
тогының соғуы, тұтану, адамдардың жарақаттануы немесе аса жоғары жиілікті
(АЖЖ) энергияның шамадан тыс әсер ету қаупін азайту үшін:
1. Құрылғыны қолданар алдын-
да барлық нұсқауларды мұқият
оқып шығып, оларды кейінгі пай-
далану үшін сақтаңыз.
2. Осы құрылғыны нұсқаулықта
сипатталғандай тек мақсатына
сай пайдаланыңыз. Құрылғыда
агрессиялық химиялық затарды
немесе буларды пайдаланбаңыз.
Осы пеш үлгісі тамақ өнімдерін
қыздыру, дайындау немесе кеп-
тіру үшін арнайы әзірленген. Ол
коммерциялық немесе өнер-
кәсіптік пайдалануға арналмаған.
3. Бос пешті пайдалануға тыйым са-
лынады.
4. Егер баусымы немесе штепсель
айыры зақымдалған болса, егер
ол тиісті түрде жұмыс істемесе,
құлаған немесе зақымдалған бол-
са, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Егер баусым зақымдалса, электр
тогымен зақымдануды болдырмау
үшін оны өндіруші, өндірушінің сер-
вистік орталығы немесе тиісті білік-
тілігі бар маман ауыстыруы тиіс.
5. Назар аударыңыз! Балаларға
пешті қауіпсіз пайдалануға және
қате пайдаланудың қауіптілігін
түсінуге мүмкіндік беретін тиісті
нұсқаулар берілген жағдайда ға-
на,пешті қадағалаусыз пайдала-
нуына рұқсат беріледі.

Содержание

Похожие устройства