Thermex N 15 U [34/44] Page 34

Thermex N 15 U [34/44] Page 34
Орнату жəне қосу
Балық монтаждау, сантехникалық жəне электрмен монтаждау жұмыстарын
білікті персонал өткізуі тиіс.
Орналастыру жəне орнату
ЭСЖ орнату корпусында көрсетілген таңбаға келесі кестеге сəйкес жүргізіледі:
Таңбалануы
N 10 O, N 15 O
Көлемі, (л) Орналасуы
10, 15 OТік, келте құбырлар төмен қарай
Құбырлардағы жылу шығынын қысқарту үшін, ЭСЖ-ны ыстық суды пайдалану орнына
барынша жақын орнату керек. ЭСЖ корпустың кронштейндерінің арқасындағы қабырғаға
бекітілетін анкерлердің ілмектеріне (жеткізілім жиынтығына кіреді) ілінеді.
Қабырғаға ілмектерді монтаждау оларға ЭСЖ кронштейндерін өз бетінше орын ауыстыруды
болдырмауы тиіс. Монтадау орнын таңдау кезінде, сумен толтырылған ЭСЖ-ның жалпы
салмағын ескеру керек. Жүк көтерімділігі нашар қабырға мен еденді нығайту қажет. ЭСЖ-ға
қызмет көрсету үшін, қорғау қақпағынан жақын бетке дейінгі қашықтық алмалы-салмалы
ернемектің бағытында 0,5 метрден кем болмауы тиіс.
Ыстық сумен жабдықтау жүйесі бұзылған жағдайда, тұтынушының жəне (немесе) үшінші
тұлғалардың мүлкіне зиян келтірмеу үшін, ЭСЖ-ны едендері судан оқшауланған жəне кəріз
жүйесіне дренажы бар бөлмелерде монтаждау керек, ешбір жағдайда ЭСЖ астына судың
əсеріне ұшыраған заттарды орналастыруға болмайды. ЭСЖ-ны қорғалмаған бөлмелерде
орналастырған кезде, оның астына кəріз жүйесіне дренажы бар қорғау түпқоймасын (ЭСЖ
жеткізу жиынтығына кірмейді) орнату керек.
ЭСЖ-ны техникалық жəне кепілді қызмет көрсету (антресольдар, қуыстар, төбеаралық кеңістік
жəне т.б.) үшін қолжетімділігі қиын жерлерге орналастырған жағдайда, ЭСЖ-ны монтаждау
мен бөлшектеуді тұтынушы өз бетінше немесе өз есебінен іске асырады.
Су құбырына қосу
Тазалау дəрежесі 200 мкм-нен кем емес алдын ала су өткізу сүзгісін пайдаланып,
салқын суды ЭСЖ-ға беру керек.
Кез келген нығыздауыш материалмен (зығыр, ФУМ-таспа жəне т.б.) қосылыстың тұмшалануын
қамтамасыз етіп, 3,5 4 айналымда салқын су кіретін жерде (3) сақтандыру клапанын көк
сақиналы келте құбырды орнату керек.
Сақтандырғыш клапан кері клапанның қызметін атқарып, су құбыры желісінде қысым
құлдыраған жағдайда жəне су қатты қызып кеткен кезде бактағы қысым ұлғайған жағдайда,
сужылытқыштан судың су құбыры желісіне келіп түсуіне кедергі жасайды, сондай-ақ су қатты
қызып кеткен жағдайда, бактағы артық қысымды түсіріп, қорғау клапанының қызметін де
атқарады. Сужылытқыш жұмыс істеп тұрған кезде, артық қысымды түсіру үшін, су сақтандыру
клапанының шығару құбырынан су (7) сарқылуы мүмкін. Осы шығару құбыры алмосфера үшін
ашық қалуы жəне үнемі төмен қарап тұруы жəне қатып қалмайтын қоршаған ортада орнатылуы
тиіс.
34
N 10 U, N 15 U 10, 15 UТік, келте құбырлар жоғары қарай
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЭСЖ-ны сақтандыру клапанынсыз қолдануға немесе басқа
өндірушілердің клапанын пайдалануға тыйым салынады
ЭСЖ-ны монтаждау кезінде тиісті дренажды (8) қарастырып, кəріз жүйесіне сақтандыру
клапанының шығару клапанынан судың ағуын қамтамасыз ету керек.
Əктас тұнбаларын кетіру үшін жəне клапанның жұмыс қабілетін тексеру үшін, кəріз
жүйесіне сақтандыру клапанының шығару құбыры арқылы кішігірім су мөлшерін
тұрақты (айына кемінде бір рет) төгіп отыру керек.
Тұтқа (6) клапанды (5) ашуға арналған. Сужылытқыш жұмыс істеген кезде, осы тұтқа бактан
судың төгілуін жауып тұратын қалыпта тұруын қадағалау қажет.
Су құбыры жүйесіне қосу (1-суретке) сəйкес максималл жұмыс қысымында 100°С-ге дейінгі
температураға есептелген мыс, пластмасса құбырлар немесе арнайы икемді сантехникалық-
жеткізгіштің көмегімен жүргізіледі. Бұрын пайдаланылған икемді жеткізгішті пайдалануға
тыйым салынады. Сантехникалық жеткізгіш жəне тиек арматура су құбыры желісінің
параметрлеріне сəйкес келуі жəне қажетті сапа сертификатына ие. Монтаждау кезінде бактың
келте құбырларының ойық бұрандаларының зақымдалуын болдырмау үшін, шамадан тыс күш
жұмсауға рұқсат етілмейді.
ЭСЖ қосылған соң, салқын судың тиек шұрасының (15) ашық екеніне, ал ыстық судың тиек
шұрасының (14) жабық екеніне көз жеткізіңіз. ЭСЖ-дан ауаның шығуын қамтамасыз ету үшін,
ЭСЖ-ға салқын суды беру кранын (10), ЭСЖ-дан ыстық су шығатын кранды (11) жəне
араластырғыштағы ыстық су кранын ашыңыз. ЭСЖ-ны соңғы толтырғанда, араластырғыштың
кранынан үздіксіз су ағады. Араластырғышта ыстық су кранын жабыңыз, ернемекте жылыстап
ағудың болуын тексеріңіз, қажет болған жағдайда, бұрандарды тартып бекітіңіз.
Металл бөлшектерде елте құбырда, корпуста) температураның құлдырауымен байланысты
тамшы пайда болуы ЭСЖ-ның өз кемшілігі немесе жылыстап ағуы болып табылмайды.
Су құбырымен жабдықталмаған жерлерде ЭСЖ қосылғанда, ЭСЖ-ға суды сорғы станциясын
пайдалана отырып, қосымша сыйымдылықтан немесе ЭСЖ үстіңгі нүктесінен кемінде 5 метр
биіктікте орналастырылған сыйымдылықтан беруге рұқсат етіледі.
Электр желісіне қосу
Сужылытқышты электр желісіне қосу алдында, оның параметрлері сужылытқыштың
сипаттамаларына сəйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр қорегін қосу алдында ЭСЖ-ның сумен
толтырылғанына көз жеткізіңіз!
Сужылытқыштың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, оның жерге қосылуы
тиіс. Сужылытқыш еуроайырлы жəне ҚАҚ (опциялық) бар электр қорегінің штаттық
желілік бауымен жабдықталған. Электрлік розетка жерге қосу сымы жүргізілген жерге
қосу түйісуіне ие болуы жəне ылғалдан қорғалған жерге орналастырылуы немесе Х4-
ден төмен емес талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
Пайдалану жəне техникалық қызмет көрсету
ЭСЖ-ны пайдалану барысында тұтынушы ЭСЖ қорғану қақпағында орналасқан (1-сурет, 17
т.) температураны реттеуіш тұтқасының көмегімен ЭСЖ-да су жылыту температурасын реттей
алады. Реттеуіш тұтқасын сағат тіліне қарсы соңына дейін бұраған кезде, ЭСЖ желіден
ажырайды, реттеуіш тұтқасы сағат тілі бойынша бұралғанда, температура +74°С (±5°С)-ге
дейін бірқалыпты ұлғаяды.
35
KZ KZ

Содержание

Похожие устройства

Скачать