Vitek VT-3414 [16/40] Қазақша

Vitek VT-3414 [16/40] Қазақша
16
ҚАЗАҚША
Моторлық блоктың корпусына, желілік
бауға және желілік бау айырын дымқыл
қолмен ұстауға болмайды.
Электр тогы соғудан немесе күюге жол
бермеу үшін құрал корпусын, желілік бауды
және желілік бау айырын суға немесе кез-
келген басқа сұйықтыққа салуға болмайды.
Егер құрал суға құлап кетсе:
суға қол тигізбеңіз;
дереу электр розеткасынан желілік
баудың айырын суырып алыңыз, содан
кейін ғана құралды судан алып шығуға
болады;
құралды тексеру немесе жөндеу үшін
авторландырылған (уәкілетті) сервис
орталығына хабарласыңыз.
Құралды алғашқы пайдалану алдында
тағамдармен жанасатын барлық
шешілмелі қондырмалар мен ыдыстарды
жуыңыз.
Жеткізу жинағына кіретін қондырмаларды
ғана қолданыңыз.
Құралды пайдаланудығ алдында
қондырмалардың дұрыс орнатылғанына
және сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Құралды қондырмалар мен қайта өңдеуге
арналған азықтарды пайдаланусыз қосуға
тыйым салынады.
Электр желісіне қосулы тұрған құралды
қараусыз қалдырмаңыз.
Қондырмаларды ауыстыру алдында және
пайдаланып болғаннан кейін құралды
электрлік желіден ажыратыңыз.
Ұсақтағыш тостағанын тегіс тұрақты бетке
орнатыңыз.
Өнімдерді ұсақтағыш тостағанына
құрылғыны қосқанға дейін салыңыз.
Ұсақтағыш тостағанына немесе өлшеуіш
стақанға салу алдында, ыстық өнімдерді
суытыңыз.
Ұсақтағыш тостағанын өнімдермен
шамадан тыс толтырмаңыз және құйылған
сұйықтықтар деңгейін қадағалаңыз.
Ұсақтағыштың жұмыс істеу кезінде
пышақтың қиын айналуы жағдайында
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
және пышақтың айналуына кедергі келтіріп
тұрған өнімдерді абайлап, шығарып
алыңыз.
Құрылғының айналатын бөліктеріне қол
тигізбеңіз. Блендер-саптамасы пышағы
немесе бұлғауыштың айналатын аймағына
шаштың немесе киімнің салбыраған
элементтері түсуіне жол бермеңіз.
Құралды өшірген кезде желілік баудан
тартуға болмайды, тікелей желілік бау
айырынан ұстаңыз және оны розеткадан
шығарыңыз.
Ұсақтағыш тостағанын микротолқынды
пешке салуға тыйым салынады.
Саптамалар мен сыйымдылықтарды ыдыс
жуу машинасына салмаңыз.
Балалардың қауіпсіздігі үшін орама ретінде
пайдаланылатын, полиэтилен пакеттерді
қадағалаусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе орама үлдірімен
ойнауға рұқсат етпеңіз. Тұншығу қаупі бар!
Егер жұмыс істеп тұрған құрылғының
маңында балалар немесе мүмкіндіктері
шектеулі адамдар болса, онда ерекше сақ
болыңыз.
Бұл құрылғы балалардың қолдануына
арналмаған.
Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін
балаларды қадағалау керек.
Құрылғыны ойыншық ретінде пайдалануға
жол бермеу үшін балаларды қадағалау
керек.
Балаларға құрал жұмыс істеп тұрған кезде
моторлық блок корпусын, желілік бауды
немесе желілік бау айырын ұстауға рұқсат
етпеңіз.
Жұмыс уақытында және жұмыс айналымы
арасындағы үзілістерде құралды
балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Дене, сенсорлық немесе ақыл-сана
мүмкіндіктері төмендетілген тұлғалардың
(балаларды қоса алғанда) пайдалануына
немесе олардың тәжірибесі немесе білімі
болмаса, егер олар бақыланбаса немесе
олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін
тұлғамен аспапты пайдалану туралы
нұсқаулықтар берілмесе, аспап олардың
пайдалануына арналмаған.
Қуаттандыру бауы зақымданған жағдайда
қауіп тудырмау үшін оны дайындаушы,
сервистік қызмет немесе баламалы білікті
персонал ауыстыруы тиіс.
Аспапты өз бетінше жөндеуге тыйым
салынады. Аспапты өз бетіңізше
бөлшектемеңіз, кез келген ақаулар
туындаған жағдайда немесе құрылғы
құлаған болса аспапты электр
розеткасынан өшіріңіз және кепілдік
талонында және www.vitek.ru сайтында
көрсетілген байланыс мекенжайлары
бойынша кез келген авторланған (уәкілетті)
сервис орталығына хабарласыңыз.
Ақаулардың алдын алу үшін құрылғыны тек
зауыт қаптамасымен ғана тасымалдаңыз.
Құрылғыны балалардың және мүмкіндігі
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ
ЖАҒДАЙЛАРДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН.
ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ҮЙ-
ЖАЙЛАРЫНДА АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУҒА
ЖӘНЕ КОММЕР ЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Тасымалданғаннан кейін немесе құрылғы
төмен температурада сақталған болса
оны бөлме температурасында үш
сақаттан кем емес уақыт ұстау қажет.
Блендерді қаптамадан шығарыңыз және
құрылғының жұмысына кедергі келтіретін
барлық қаптама материалдарын және
жарна малық жапсырмаларды алып
тастаңыз.
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз,
зақым данулар болса құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Іске қосу алдында электр желісіндегі
кернеудің құрал корпусында көрсетілген
кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны пайдалану алдында
саптамаларды (1, 9, 10), тостағанды (6)
және пышақты (7) бейтарап жуғыш заты
бар жылы сумен жуыңыз және жақсылап
құрғатыңыз.
Мотор блогын (2), қақпақ-редукторын (5)
және бұлғауыш саптамасының редукторын
(8) жұмсақ, сәл дымқыл шүберекпен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Моторлық блокты (2), қақпақ-редукторын
(5), бұлғауыш саптамасының редукторын
(8), желілік бауды және желілік баудың
ашасын суға немесе кез-келген басқа
сұйықтықтарға салмаңыз.

Содержание

Скачать