Carver MT-700 [51/56] Сурет

Carver MT-700 [51/56] Сурет
51
мүмкін және кейбір материалдарды тұтандыру мүмкін. Отынды төкпес үшін, та-
сымалдау алдында оны бактан төгіңіз де, тұтандырғышты өшіріңіз.
Габариттерді азайту үшін рөлді бөлшектеңіз, мотоблокты көлік құралының
жүк бөлігіне тігінен орнатыңыз да, оны шнурмен немесе белдікпен басқару то-
раптарын, карбюраторды және арқандарды зақымдамайтындай түрде бекітіңіз.
Қозғалтқыш картерінен майдың ағуының алдын алу үшін
мотоблоктың қырымен тасымалдауға тыйым салынады.
14. ҰЗАҚ МЕРЗІМГЕ САҚТАУ
Мотоблоктың ұзақ мерзімге сақтауға дайындау кезінде келесі операция-
ларды орындаңыз:
Отынды төгіңіз. Отын кранын жабыңыз, тұндырғышты шешіңіз, одан отын-
ды төгіңіз де, карбюратордың астына арнайы сыйымдылықты орналастырып,
отын кранын ашып, оған отынды ағызыңыз. Тұндырғышты орнына орнатыңыз.
Карбюратордың ағызатын бұрандасын шығарып алып, одан отынды төгіңіз.
• Мотоблоктың беттерін кір мен шаңнан тазартыңыз.
Тұтандыру шамын бұрап алыңыз да, мотор майының цилиндріне шама-
мен 15 мл құйыңыз, сосын тұтандыру шамын орнына орнатыңыз.
Кедергіні сезінгенге дейін стартер тұтқасын тартыңыз. Стартердің
тегершігіндегі белгі стартердің қаптамасындағы тесікке сәйкес келгенге дейін
стартердің тұтқасын тартуды жалғастырыңыз. Бұл күйде қозғалтқыштың
енгізетін және шығаратын қақпағы жабық. Осылайша, Сіз қозғалтқышты іштей
тот басудан сақтандырасыз (20-сурет).
Тот басудан қорғау үшін боялмаған беттерді майлаңыз да, басқару
тетіктеріне силиконды жақпаны жағыңыз.
• Мотоблокты шаңнан қорғап жабыңыз.
• Мотоблокты құрғақ, желдетілетін, жабық ғимаратта сақтаңыз.
20-сурет.
Стартердің
тегершігіндегі
белгіні стартер
қақпағының жоғарғы
бөлігіндегі тесікпен
сәйкестендіріңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения