Carver MT-700 [38/56] Ешқашан да жанармай багында жанармайы бар мотоблокты ғимаратта

Carver MT-700 [38/56] Ешқашан да жанармай багында жанармайы бар мотоблокты ғимаратта
38
Тұтану қаупін төмендету үшін қозғалтқышты, бәсеңдеткішті ластанудан
тазалауды жүргізіңіз.
Қауіпсіздік үшін тозған немесе зақымдалған бөлшектер алмастырылған
болуы тиіс.
5.5. Отын құйған кездегі қауіпсіздік шаралары
Отынды құяр алдында қозғалтқышты өшіру қажет.
Мотоблокты жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш суымаған кезде және ашық
от көздеріне жақын жерде отынмен толтырмаңыз.
Толтыру уақытында шылым шекпеңіз. Егер толтыру уақытында Сіз отын-
ды төгіп алсаңыз, қозғалтқышты іске қоспаңыз, шағын қопсытқышты басқа
орынға ауыстырып қойып, төгілген отынды алып тастауға тырысыңыз. Егер жа-
нармай теріге тиген болса, оны сабынды сумен жуыңыз.
Отынмен толтыруды ашық ауада немесе жақсы желдетілетін ғимаратта
жүргізіңіз. Жанармай багы мен жанармайы бар сыйымдылықтардың қақпағын
тығыз жабыңыз. Жанармайды осы мақсаттар үшін арнайы тағайындалған ыды-
ста сақтаңыз.
Ешқашан да жанармай багында жанармайы бар мотоблокты ғимаратта
қалтырмаңыз, онда ашық оттың, ұшқынның немесе жоғары температура
көзімен жанасудан жанармай буларының тұтануы орын алуы мүмкін.
Мотоблоктың багынан жанармай қалдықтарын қозғалтқышты өшіріп және
суытып барып ашық ауада төгіңіз.
6. МОТОБЛОКТАҒЫ ТАҢБАЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
Мотоблоктың корпусында келесі ескертпелер енгізілген:
Мотоблокты пайдалану алдында
пайдалану бойынша нұсқаулықты
мұқият оқыңыз
Қозғалтқышты іске қосуды осы
нұсқаулықта баяндалған нұсқауға
сай жүгізіңіз
Назар аударыңыз!
Ыстық бітеуішке, цилиндр
қабырғасына жанаспаңыз
Қозғалмалы беріліс белдігіне
жанаспаңыз
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде жонғышармен қолдың немесе аяқтың
жанасуынан сақтаныңыз
Мотор майын
толтыру сұлбасы
Жоғары кернеу
Айналадағыларға жұмыс кезінде мотоблокқа жақын болуына мүмкіндік бермеңіз
Өртке қауіпті!
Мотоблокты жабық ғимараттарда
пайдалануға тыйым салынады
Жұмыс уақытында қорғаныс
көзілдіріктері мен қорғаныс
құлаққаптарын пайдаланыңыз

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения