Alteco D 330-10 [4/20] Қауіпсіздік шаралары

Alteco D 330-10 [4/20] Қауіпсіздік шаралары
KZ
alteco.hk4
Қорғаныс көзілдірігі мен қорғаныс қолғаптарын пайдаланыңыз. Шаң
деңгейінің жоғары болған жағдайда арнайы сүзгі бетпердесін қолданыңыз.
Электр сымдар жүйесі болуы мүмкін жерде жұмыс істеу кезінде құралдың
металл бөлшектері оқшауланбаған екенін есте сақтау жөн. Жасырын сымдарға
зақым келтірмеу үшін сақ болу қажет.
Жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істемеңіз (мысалы тұтанғыш сұйықтықтар,
жанғыш газдар немесе шаң бар жерлер). Электр құралы ұшқындардың көзі
болып табылады, бұл ауада бар болған газ мен шаңдардың жануына әкеліп
соғуы мүмкін.
Сіздің жұмыс орныңыз жақсы желдетілуі тиіс. Жұмыс кезінде пайда болатын
газдар мен булар денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
Жұмыс істеп жатқан, қосулы электр құралын жатқызып қойып қалдырмаңыз.
Осы талапты орындамау өртке немесе мүлікке зиян келтірілуіне әкеліп соғуы
мүмкін.
Балалардың электр құралын пайдалануға жол бермеңіз, балаларға қол
жетімсіз жерде сақтаңыз.
Осы нұсқаулықпен таныспаған тұлғаларға электр құралын қолдануға рұқсат
етпеңіз.
Құралды жаңбыр мен ылғалдылықтан сақтаңыз. Электр құралына су мен
ылғалдың кіріп кетуі электр тоғымен жарақаттану қаупін арттырады.
Қуат беруші кабель құралдың әрекет ету аймағынан тыс жерде болуын
қадағалаңыз.
Құралды ешқашан электр қуатын беру баусымынан ұстап тасымаңыз. Айырды
розеткадан алып тастау мақсатында баусымды жұлқыламаңыз. Баусымды
жоғары температурадан, майлау материалдары мен өткір шеттері бар
заттардың әсерінен қорғаңыз.
Электр құралын далада қолдану кезінде осыған жарамды ұзартқыш
кабельдерді қолданыңыз. Далада жұмыс істеуге жарамды кабельді қолдану
электр тогымен жарақаттану қаупін азайтады.
Электр құралын үй-жайлардан осы мақсаттарға тиісті ұзартқышты қолданыңыз.
Арнайы киімді киіңіз. Жұмыс кезінде арнайы қорғайтын қолғап және
тайғанамайтын аяқ киім кию жөн. Егер шашыңыз ұзын болса, оларды бас
киімнің астына жинау қажет.
Қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер мен нұсқаулықтарды сақтамау
электр тогымен жарақаттану, өрттің пайда болуына, ауыр жарақат алу,
денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруге себеп болуы мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары

Содержание

Скачать