Alteco D 330-10 [5/20] Қолданылу аясы және құрылымның сипаттамасы

Alteco D 330-10 [5/20] Қолданылу аясы және құрылымның сипаттамасы
KZ
alteco.hk 5
Салауатты пайым қағидаларын басшылыққа алыңыз. Егер сіз шаршап тұрсаңыз,
мас күйінде немесе дәрілік заттың әсерінде болсаңыз құралмен жұмыс
істемеңіз.
Құралдың бетінде көзге көрінетін ақаулардың бар болуын, сонымен қатар
барлық функциялар мен тетіктердің дұрыс жұмыс жасауын тексеріңіз.
Егер қандай да бір бөлшектерге зақым келтірілсе, олар құралға қызмет көрсету
мен жөндеудің арнайы авторизацияланған орталығында жөнделуі немесе
ауыстырылуы тиіс.
Жұмыс кезінде Сіздің дене қалпыңыз әрдайым тұрақты әрі қауіпсіз болуы үшін
тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз.
ALTECO желілік бұрғы-бұрандалы шегені бұрағышты жасап шығару кезінде
сапалы материалдар мен құрама бөлшектер қолданылады. ALTECO бұрғы-
бұрандалы шегені бұрағыш үлгілері бір-бірінен жиынтықтардың деңгейлері мен
функциялардың қол жетімді болуымен ерекшеленеді. Пайдалану мақсаттарына
қарай бұрғы-бұрандалы шегені бұрағыштың барынша тиімді үлгісін таңдау қажет.
ALTECO бұрғы-бұрандалы шегені бұрағыштың нарықтағы ұсынылымы 2 үлгіден
тұрады:
ALTECO D 300-10
ALTECO D 300-10 МС
ALTECO D 330-10
Аталмыш үлгілер орташа қарқындылықтағы жүктемемен, қоршаған ауа
температурасы -10°С -тан +40°С –қа дейін, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 80%
артпайтын жағдайларда жұмыс істеуге арналған.
Жұмыс кезінде электр құралына үнемі «дем алуға» беріңіз, кез келген құрал
тоқтаусыз жұмыс істей алмайды.
ALTECO бұрғы-бұрандалы шегені бұрағыштың кабелі, резинадан оқшаулануы бар,
майға тұрақты, механикалық жүктемелерге төзімділігін, - 25C° дейінгі температура
жағдайларында икемділікті қамтамасыз етеді.
Бұрандалы шегені бұрағыш тұрмыстық қажеттіліктердің шегінде әр түрлі
материалдардың бұрғылау жұмыстарында және бекіту материалдарының алуан
түрлерін (бұрама, бұрандалы шеге, бұрандама, сомын және т.б.) бұрандалау/
бұрап шығару үшін қолданылады.
Қолданылу аясы және
құрылымның сипаттамасы

Содержание

Скачать