Centek CT-1960 Инструкция по эксплуатации онлайн [20/52] 810072

Centek CT-1960 Инструкция по эксплуатации онлайн [20/52] 810072
19
ЕСКЕРТПЕ: Сұйық зат әрқашан жоспарланған бағдарламаны тікелей іске
қоспас бұрын қосылуы керек. Егер ол тым ерте құйылса немесе жууды кейінге
қалдырған жағдайда - ол машинаның ішінде қатып қалуы мүмкін.
Сұйық жуғыш заттың тиісті аққыш күйге ие екендігіне көз жеткізіңіз. Қажет
болса, оны сумен сұйылтыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жуғыш құрал «MAX» белгісінен асып кетпеуі тиіс.
5.3. БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ
1
2
3
4 5 6 7 8 9 10
Жуғыш зат өндірушінің нұсқауларына сәйкес қолданылады және матаның
түрін, түсін, ластану дәрежесін және жуу температурасын ескере отырып
таңдалады. Кір жуғыш машиналарда қолдануға арналған жуғыш заттарды
ғана пайдалану керек.
Егер көбік тым көп болса, жуғыш заттың мөлшерін азайтыңыз. Жуғыш
зат артық болған кезде тым көп көбік пайда болады, бұл жуу сапасын
төмендетеді және қозғалтқышты шамадан тыс жүктейді.
Жуғыш заттың мөлшері судың температурасына, судың кермектігіне, киімнің
мөлшері мен ластану деңгейіне байланысты болуы мүмкін.
1. Іске «қосу/өшіру» батырмасы
2. Дисплей
3. Кір жуу бағдарламаларын таңдауға және машинаны өшіруге арналған ай-
налмалы ажыратып-қосқыш
4. SMART режимін іске қосу батырмасы
5. Кір жууды аяқтауды кейінге қалдыру уақытын таңдауға арналған батыр-
ма
6. Шаю санын таңдауға арналған батырма
7. Кептіру тәсілі және/немесе уақытын таңдауға арналған батырма
8. Сығу жылдамдығын таңдау батырмасы
9. Кір жуу кезінде су температурасын таңдау батырмасы
10. Кір жууды бастау немесе тоқтата тұруға арналған «Старт/Пауза» («Бастау/
Кідіріс») батырмасы
Е
А
Ж
З И
Б Г ДВ
А. «Блокировка от детей» («Балалардан бұғаттау») қызметінің іске қосылғанын
білдіретін индикатор
Б. Есікті бұғаттаудың іске қосылғанын білдіретін индикатор
В. Сандық индикатор
Г. Сығу кезіндегі айналымның таңдалған санының индикаторы
Д. Кір жуу кезіндегі судың таңдалған температурасының индикаторы
Е. «Отсрочка завершения» («Аяқтауды кейінге қалдыру») қызметінің іске
қосылғанын білдіретін индикатор
Ж. Іске қосылған SMART режимінің индикаторы
З. Шаю санын таңдаған кезде жанатын индикатор
И. Кір жуудың ағымдағы циклында кептіру қызметінің орындалуын білдіретін,
не болмаса іске қосылған кептіру режимінің индикаторы
6. БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ЖҰМЫС РЕЖИМДЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Бағдарламаның атауы Сипаттамасы
«Быстрая стирка» («Тез
жуу»)
Аздап ластанған аз ғана киімді 15 минут ішінде тез жуу
«Холодная стирка»
(«Салқын сумен кір жуу»)
Жылы немесе ыстық судан бүлініп қалуы мүмкін
киімдерді салқын суда жуу
«Воздушная стирка»
(«Ауамен жуу»)
Дымқыл киімді ыстық ауамен жуу. Кептіру кезіндегідей
ыстық ауа ылғалданады және матаның құрылымына
терең еніп, оны тазалайды және жағымсыз иістерді жо-
яды. Суды және жуғыш құралдарды қолданусыз киімді
тазалап алу қажет болғанда қолданылады.
«Сушка» («Кептіру»)
Кептіруге арналған бөлек бағдарлама (кептіру тәсілдерін
төмендегі «ҚОСЫМША РЕЖИМДЕР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР» та-
рауынан қараңыз). «Сушка» («Кептіру») бағдарламасын
орындар алдында сулы киімді «Отжим» («Сығу»)
бағдарламасының көмегімен сығып алу ұсынылады.
Бұл бағдарламаны табиғи немесе жасанды жылытқышы
бар заттарды (сырт киімдер, мамық жамылғы, син-
тепон күрте секілділер және т.б.) кептіру үшін бөлек
пайдалануға тыйым салынады.
«Пуховик» («Мамық сырт
киім»)
Ішінде мамық немесе синтепоны бар мамық күртелер не-
месе жамылғы секілді өнімдерге арналған бағдарлама.
Сұйық жуғыш құралды пайдалануға (ол жақсы жуылып
кетеді) және барабанды көлемінің ¾ бөлігінен асырмай
жүктеу ұсынылады. Мұндай киімді ұштарын ішіне қарай
орап салыңыз. Егер сіз бұл бағдарламаға кептіруді
қосатын болсаңыз, заттар бүлініп қалмау үшін кептірудің
автоматты тәсілін ғана таңдаңыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Есть ли подсветка барабана
10 месяцев назад