Centek CT-1960 [24/52] Батырманы басыңыз кондиционер шаюға арналған бөлімнің үстінде орналасқан және науаны алыңыз 2 науаны сумен шайыңыз 3 бөліктің ішін ескі тіс щеткасымен немесе соған ұқсас нәрсемен тазалаңыз 4 науаны орнына қойып оны бастапқы қалпына орнатыңыз

Centek CT-1960 [24/52] Батырманы басыңыз кондиционер шаюға арналған бөлімнің үстінде орналасқан және науаны алыңыз 2 науаны сумен шайыңыз 3 бөліктің ішін ескі тіс щеткасымен немесе соған ұқсас нәрсемен тазалаңыз 4 науаны орнына қойып оны бастапқы қалпына орнатыңыз
23
1. Панель-бітеуішті шешіп алыңыз.
2. Сүзгіні сағат тіліне қарсы бұрап алыңыз.
3. Сүзгіні бөгде заттардан тазалаңыз.
4. Сүзгіні орнына орнатып, панельді жабыңыз.
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАДА СҮЗГІНІ ЖУУ
1. Су ағызатын шлангідегі сүзгіні тазалаңыз.
2. Су беру шлангісін кір жуғыш машинадан ажыратыңыз. Сүзгіні ұзын
тістеуікпен суырып алыңыз.
3. Кір жуғыш машинадағы сүзгіні тазалаңыз.
4. Сүзгіні орнына орнатып, су беру шлангісін қайта қосыңыз.
5. Кір жуғыш машинаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сүзгіні әр
3 ай сайын тазалаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Алдымен кран сүзгісін, содан кейін сүзгіні кір жуғыш машинада
жуыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТ НАУАСЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІКТЕРІН ТАЗАЛАУ
1. Батырманы басыңыз (кондиционер шаюға арналған бөлімнің үстінде
орналасқан) және науаны алыңыз.
2. Науаны сумен шайыңыз.
3. Бөліктің ішін ескі тіс щеткасымен немесе соған ұқсас нәрсемен тазалаңыз.
4. Науаны орнына қойып, оны бастапқы қалпына орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Тазалау үшін спиртті, еріткіштерді немесе химиялық заттарды қолданбаңыз.
Жуғыш зат науасын әр 3 ай сайын тазалау ұсынылады.
8. ЫҚТИМАЛ АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ
Мәселе Болжалды себебі / шешімі
Кір жуу машинасы қосылмайды
Ашасы розеткаға толықтай енгізілмеген.
Нашар байланыс.
Желіде кернеу жоқ немесе желінің сақтандырғышы іске қосылып кетті.
Бағдарламаны орындау басталмай жатыр
Есігі соңына дейін жабылмады.
«ВКП/ВЫКЛ» («ҚОСУ/ӨШІРУ») батырмасы басылған жоқ.
«Старт/Пауза» («Бастау/Кідіріс») батырмасы басылған жоқ.
Су өткізу шүмегі ашылған жоқ, су машинаға келмей жатыр. Кейінірек бастау қосулы.
Машина суға толмай тұр немесе дисплейде
«Е02» қателік коды
Су құю шлангысы қатты бұралған/қатты қысылған.
Су құю шлангысы су құбырына қосылмаған. судың қысымы тым төмен.
Су өткізу шүмегі ашылмаған.
Сумен жабдықтау жоқ.
Енгізу клапанының сүзгісі бұғатталған.
«Старт/Пауза» («Бастау/Кідіріс») батырмасы басылмаған.
Машина үздіксіз суға толып тұр және
үнемі ағып кетеді немесе су барабанда
қалып қойды немесе кір жуу процесі
тоқтап қалды
Ағызу шлангысының жоғарғы нүктесі тым төмен орналасқан. Еденнен 65 және 100 см аралығындағы биіктікте орнатылған болуы тиіс.
Ағызу шлангысы шұңғылшаның имекқұбырына (сифон) қате байланыстырылған, сол себепті су кері КМ-ға құйылады.
Су ағызу шлангысының бойымен кері ақпау үшін ағызу шлангысы шұңғылшаның түбінен жоғары тұруы тиіс. Ағызу шлангысының ұшы
құбырға тым терең еніп кеткен.
Машина суды ағызбайды немесе сықпайды
немесе дисплейде «Е0З» қателік коды
Сорғының сүзгісі бұғатталған.
Ағызу шлангысы қатты бұралған/қатты қысылған.
Орнату кезінде шлангылардың бітеуіштері алынбай қалған.
Ағызу шлангысы немесе шұңғылшаның имекқұбыры бітеліп қалған.
Сығылмайды Сығу жылдамдығы «0» деп белгіленген.
Бағдарламаны тым ұзақ орындау Бағдарламаның орындалу уақыты судың қысымына, оның температурасына, көбіктенуге, сығу кезіндегі тепе-теңдікке байланысты.
Сығу кезіндегі қатты діріл
Машина деңгей бойына түзу тұрған жоқ.
Тасымалдауыш бұрандамалары алынбаған.
Машина жиһазға және/немесе қабырғаға тиіп тұр.
Жүктеметеңгерімінің бұзылуы.
SMART режимі қосылмайды
Кір жуу машинасы іске қосылғаннан кейін SMART-тан басқа режим таңдалған. Машинаны өшіріңіз және SMART батырмасын басыңыз.
Жүктеме теңгерімінің бұзылуы
Жұмыс кезіндегі шу Кейбір шу мотордан, помпадан, су ағынынан шығады.
Сықпайды
Жүктеме теңгерімінің бұзылуы. Бүлінуді болдырмау үшін кір жуу машинасы сығудың жоғары температурасына көшпейді. Тепе-теңдіктің
бұзылуы бір ауыр затты (мысалы, мамық, құрақ көрпе және т.б.) жууға байланысты болуы мүмкін. Басқа жүктемені қолдана отырып,
бағдарламаны тағы байқап көріңіз.
Кір жуғыш құралдардың диспенсерден
ағып кетуі
Диспенсер бөлігі жуғыш құралмен бітеліп қалған және тазалауды қажет етеді.
Су қысымы тым жоғары. Қысымды төмендету қажет.
Машина алға қарай еңкейіп тұр.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Есть ли подсветка барабана
10 месяцев назад