Centek CT-1960 Инструкция по эксплуатации онлайн [23/52] 810072

Centek CT-1960 Инструкция по эксплуатации онлайн [23/52] 810072
22
20-дан 40 °С-қа дейінгі аралықта), шаю ішкі циклдарының саны және т.б.
таңдайды.
Бұл режим кез келген ыңғайлы тәсілмен жеңіл іске қосылады:
1. Машина өшіп тұрған кезінде – SMART батырмасын 3 секунд бойы басып тұру
арқылы.
2. Машина қосулы тұрғанда 1-бөлімде сипатталған тәсілдің көмегімен, не
болмаса SMART батырмасын бір рет басыңыз, ал одан кейін «Пуск/Пауза»
(«Қосу/Кідіріс») батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: SMART режимі мақтадан, зығырдан, синтетикалық және аралас
матадан тігілген аздап ластанған, күнделікті киіп жүрген киімдерді жууға
есептелген. Қатты немесе ерекше ластану кезінде, не болмаса айрықша күтімді
қажет ететін киімдер үшін сәйкес режимді пайдаланған дұрыс.
БАҒДАРЛАМА БАРЫСЫНДА БАПТАУЛАРДЫ ӨЗГЕРТУ
Кір жуу басталып кетсе де, сіз оның баптауларына өзгерістер енгізе аласыз.
Ол үшін «Старт/пауза» («Бастау/Кідіріс») батырмасын баса отырып, орында-
лып жатқан бағдарламаны кідіріске қойып қойыңыз. Баптауларды өзгертіңіз
және/немесе қосымша қызметтерді қосыңыз.
Егер кір жууды орындаудың ағымдағы кезеңі сіздің өзгерістерді енгізуге жа-
рамды болса, олар қабылданады.
«Старт/пауза» батырмасын баса отырып, машинаның жұмысын қайта
жандандырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: егер сіз бағдарламаны өзгерткен болсаңыз, жуғыш құрал қоспаңыз.
ДОЗАГРУЗКА БЕЛЬЯ (КИІМДЕРДІ ҚОСЫМША ЖҮКТЕУ)
Кір жуу кезінде киімдерді қосымша жүктеу үшін «Старт/Пауза» («Бастау/
Кідіріс») батырмасын баса отырып, оны кідірте тұрыңыз. Егер су деңгейі
мүмкіндік берсе, машинаның ішінде тым ыстық болмаса, есіктердегі бұғат
шешіледі (сәйкес индикатор өшеді).
Есікті ашыңыз, киімдерді қосыңыз (жүктеменің жалпы рұқсат етілген норма-
сынан асырмай).
Есікті жабыңыз және «Старт/Пауза» («Бастау/Кідіріс») батырмасының
көмегімен машинаның жұмысын қайта бастаңыз.
ОРЫНДАЛЫП ЖАТҚАН БАҒДАРЛАМАНЫ ТОҚТАТА ТҰРУ
Сізге машинаның жұмысын шұғыл тоқтату қажет болуы мүмкін. Егер судың
деңгейі киімдері жүктеуге арналған тесіктен төмен орналасса, жай ғана қосу/
өшіру батырмасын басып тұрыңыз. Егер оның ішіндегі температура қауіпсіз
болса, есігінің бұғаты ашылады (сәйкес индикатор өшеді).
Егер машинада су есікті ашқан кезде еденге төгілердей жеткілікті болса, оны
тоқтатар алдында ағызып жіберу қажет.
Ол үшін сондай-ақ өшіру/ажырату батырмасын басып тұрып, машинаны
өшіріңіз. Ағымдағы бағдарлама істен шығарылады.
Содан кейін машинаны қосыңыз және айналымдар санын «0» деп таңдап,
«Отжим» («Сығу») бағдарламасын таңдаңыз. Су машинадан ағызылады және
бағдарлама аяқталған бойда есік бұғатталады.
Машинаны өшіруге болады.
КИІМДІ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ТЕҢГЕРУ
Машина теңгеруді анықтаудың автоматты жүйесімен жарақталған. Егер сығар
алдында машина киімнің әркелкі орналасқанын анықтайтын болса, барабан
ол жөнделгенше айнала береді.
Дегенмен бұл да ұзақ уақыт бойына қалпына келтірмесе – қатты дірілді бол-
дырмас үшін отжим өшіріледі.
Бұл жағдайда сіз ішіндегі киімдер бір-бірімен ілінісіп, байланысып
қалмағанына көз жеткізіп, киімдерді қолмен реттестіргеннен кейін «Отжим»
(«Сығу») бағдарламасын кері қосуыңыз қажет.
Егер машина ішінде киім аз болса (мысалы, бір джинсы немесе үлкен сүлгі)
машина анық теңсіздікті анықтау салдарынан сығудан бас тартуы мүмкін.
Сол себепті кез келген кір жуу кезінде сығу кезінде киімдер тепе-тең жатуын
қамтамасыз ететіндей аздаған киімнің қажетті санын қосыңыз.
7. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кір жуғыш машинаны тазалау, күту, техникалық қызмет көрсету және осы
тармақта сипатталған кез келген басқа әрекеттер алдында әрқашан ашаны
розеткадан шығарып, су беру кранын жабыңыз.
Кір жуғыш машинаның зақымдалуын және улы және/немесе жарылғыш
газдардың бөлінуін болдырмау үшін еріткіштерді қолдануға тыйым салы-
нады.
Кір жуғыш машинаны жуу үшін суды пайдалануға тыйым салынады.
Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде құрамында антисептик хлорксиленол
(PCMX), этил спирті немесе құмырсқа қышқылы немесе оның аналогтары
бар тазартқыш заттарды қолдануға тыйым салынады, себебі бұл заттар
оған зақым келтіруі мүмкін.
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ТАЗАЛАУ
Кір жуғыш машинаны уақтылы және мұқият тазалау оның
қызмет ету мерзімін ұзартады және жағымды көрінісін
сақтайды. Қажет болса, машинаның бетін әлсіз абразивті
емес тазартқышпен сүртіңіз. Су төгілген жағдайда оны де-
реу сүлгімен сүртіңіз. Корпусқа зақым келтірмеу немесе
машинаның құрылымын бұзбау үшін өткір тазалау заттарын
пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Машинаны тазалау үшін ешбір жағдайда күшті әрекет ететін химиялық заттар-
ды, абразивті тазартқыштарды немесе еріткіштерді қолданбаңыз. Олар сыртқы
әрлемесін зақымдауы мүмкін.
БАРАБАННЫҢ ІШКІ БЕТІН ТАЗАЛАУ
Барабанда су құбыры суындағы қоспалардың, жуғыш заттардың
қалдықтары, кір мен мата бөлшектерінің қалдықтары қалмас үшін және ба-
рабанда көгерудің көбеюіне ықпал ететін қосымша ылғал пайда болмас үшін
әр жуудан кейін барабанды құрғатып сүртіңіз.
Киімнің металл бөліктері (түймелер, батырмалар, сыдырма ілгек) барабанда
тот іздерін қалдыруы мүмкін бұл іздердің уақытында жойылғанына көз
жеткізіңіз. Агрессивті тазартқыштар, тот басатын құралдарды барабанды та-
зарту үшін қолдануға болмайды, сондықтан үнемі алдын алған жөн.
Сондай-ақ, сізге көмектесу үшін бұл модель «Барабанды тазарту» функция-
сымен қамтылған.
ШЫНЫ МЕН ЕСІК ТЫҒЫЗДАҒЫШЫН ТАЗАЛАУ
Әр жуудан кейін қылшықтар мен дақтарды кетіру
үшін әйнек пен тығыздағышты сүртіңіз.
Әр жуудан кейін тиындарды, түймелерді және
басқа да ұсақ заттарды есік тығыздағышының
бүктемелерінен алыңыз.
Егер жуғаннан кейін су тығыздағыштың қатпарларында ұзақ уақыт бойы
қалып қойса – кейіннен жағымсыз иіс пайда болады.
СОРҒЫ СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ
Су ағызу сорғы сүзгісі жуылатын бұйымдар матасының қалдықтарын және
кішкене бөгде заттарды сүзе алады.
Кір жуғыш машинаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сүзгіні үнемі
тазалаңыз.
Егер машина су ағызу және/немесе айналдыру операцияларын жасамаса,
сондай-ақ, егер кір жуғыш машина сорғыны бітеп тастайтын бөгде заттардың
түсуіне байланысты ағызу кезінде машинаға тән емес шуыл шығарса сорғыны
тексеру қажет.
Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрған кезде, таңдалған бағдарламаға бай-
ланысты сорғы арқылы ыстық су ағып кетуі мүмкін.
Шаю циклі кезінде сорғы қақпағын ешбір жағдайда ашпаңыз. Кір жуғыш
машина белгілі бір режимде жұмыс істеп, суды ағыза бастағанша күтіңіз.
Панельдерді орнатқан кезде қауіпсіз және сенімді жанасуды қамтамасыз
етіңіз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Есть ли подсветка барабана
10 месяцев назад