Centek CT-1624 [7/24] Бұғаттау батырмасын басып бастиегін алыңыз итергіш пен жүктеу

Centek CT-1624 [7/24] Бұғаттау батырмасын басып бастиегін алыңыз итергіш пен жүктеу
7
-
Егер қандай да бір қатты тағам бұранданың және пышақтардың ай-
налуына кедергі болса, аспапты дереу өшіріп, реверс функциясын
қолданыңыз.
ҚҰРАСТЫРУ
-
Бұғаттау батырмасын басыңыз, бастиек келте құбырын қабылдау
түтігінен ұстап, коннектормен жалғаңыз, бастиегі корпустың үстіңгі
жағындағы сілтегіштің бағытына қарай еңкейіп тұрғанын қадағалаңыз,
содан кейін бастиекті әбден бекітілгенге дейін сағат тілі бағытына
қарсы бұраңыз.
-
Шнекті ұзын осін алға қаратып, орналастырып, қозғалтқыш білігімен
ілініскенше сәл бұраңыз.
-
Пышақты өткір жақтарын өзіңізге қаратып, шнек осіне кигізіңіз. Егер
пышақ дұрыс орнатылмаса, ет тартылмайды.
-
Қажетті дискіні пышақтың алдына орнатыңыз, оны бастиек корпусын-
дағы шығыңқы тұстарымен туралаңыз.
-
Диск түсіп қалмас үшін бір қолыңызбен ұстап тұрып, екінші қолыңызбен
қайырмалы гайканы кигізіп, қатайтып бұраңыз. Гайканың шамадан тыс
тартылуына жол бермеңіз.
-
Жүктеу бөлігін бастиекке орнатыңыз және оны жұмыс күйінде бекітіңіз.
- Аспапты орнықты зат бетіне қойыңыз.
-
Мотор блогының астынан және жанынан ауа еркін айналып тұратын
тұсын жаппаңыз. Корпустың түбіндегі және бүйіріндегі желдеткіш
саңылаулардың бітелуіне жол бермеңіз.
5. АСПАПТЫҢ КҮТІМІ
-
Шнектің ішінде қалған етті ет тартқыштан бір кесек нанды өткізу
арқылы алып шығуға болады.
-
Аспапты тазаламас бұрын аспапты өшіріп, ашасын электр желісінің
розеткасынан суырыңыз.
-
Бұғаттау батырмасын басып, бастиегін алыңыз. Итергіш пен жүктеу
бөлігін алыңыз.
-
Қайырмалы гайканы ағытып, бастиектің келте құбырынан барлық
бөліктерін шығарып алыңыз. Бастиек бөлшектерін кір жуғыш машинаға
орналастырмаңыз!.
-
Етпен жанасатын барлық бөлшектерді ыстық сабынды сумен шайыңыз.
Еттартқышты пайдаланғаннан кейін дереу тазалаңыз.
- Бөлшектерін таза салқын суда жуып, оларды кептіріңіз.
-
Пышақ пен дискілерін аз мөлшерде өсімдік майымен майлап қойған жөн.
6. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Номиналды кернеуі: 220-240 В ~50/60 Гц
Номиналды қуаты: 300 Вт
Максималды қуат: 2000 Вт
Өнімділік: 2 кг/мин
7. ҚҰРАЛДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Қызмет ету мерзімі аяқталған құралды әдеттегі тұрмыстық қалдықтар-
дан бөлек кәдеге жаратуға болады. Оны қайта өңдеу үшін электрон-
ды құралдар мен электр құралдарын қабылдаудың арнайы бекетіне
тапсыруға болады.
8. СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ, КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйым үшін қызмет ету мерзімі бұйым осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулыққа және қолданылатын техникалық стандарттарға қатаң
сәйкестікте пайдаланылған жағдайда, соңғы тұтынушыға сату күнінен
бастап 5 жылды құрайды. Қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін аспапты
одан әрі пайдалану бойынша ұсыныстар алу үшін жақын маңдағы автор-
ландырылған сервис орталығына хабарласыңыз. Бұйымның шығарылған
күні сериялық нөмірде көрсетілген (2 және 3 белгілер – жылы, 4 және
5 белгілер – Өндіріс айы). Аспапқа қызмет көрсету бойынша мәселелер
туындағанда немесе аспап бұзылса, CENTEK сауда маркасының автор-
ландырылған сервис орталығымен хабарласыңыз. Орталықтың мекен-
жайын https://centek.ru/servis сайтынан табуға болады. Сервистік қолдау
көрсету орталығымен байланыс жасау жолдары: тел: +7 (988) 24-00-178,
VK: vk.com/centek_krd. «Ларина-Сервис» ЖШҚ бас сервис орталығы,
Краснодар қ. Тел.: +7 (861) 991-05-42. Қазақстандағы талаптар қабылдау
ұйымының аталымы: «Moneytor» ЖШС, Астана қаласы, Жәнібек Тархан к.,
9-үй, 5-қанат. Тел.: +7 (707) 858-65-29, +7 (701) 340-09-57.
Өнімнің сәйкестік сертификаты бар:
№ ЕАЭС RU С
-
CN.НА16.В.01142/22 - 29.12.2022 ж. бастап.
9. ӨНДІРУШІ ЖӘНЕ ИМПОРТТАУШЫ
Импорттаушы: ООО «Ларина-Электроникс». Мекенжайы:
Ресей, 350080, г.
Краснодар, ул. Демуса, 14. Тел.: +7 (861) 2-600-900.
ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫ!
Барлық аспаптарға кепілдік мерзімі соңғы тұтынушыға сату күнінен бастап
12 ай. Осы кепілдік талонымен өндіруші осы құралдың жарамдылығын
растайды және өндірушінің кінәсінен туындаған барлық ақауларды тегін
жою бойынша міндеттемені өзіне алады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать