Vitek VT-8456 Инструкция по эксплуатации онлайн [16/36] 811682

Vitek VT-8456 Инструкция по эксплуатации онлайн [16/36] 811682
16
ҚАЗАҚША
Тұтқаны (1) ұстаңыз және гриль пластинасын
шамамен 90°-қа ашыңыз.
Жұмыс пластинасының (9) толық салқындауын
күтіңіз және олардан өсімдік майының
қалдықтарын қағаз майлықпен кетіріңіз.
Ескертпе: Грильді алғаш рет қолдану кезінде
қыздыру элементтері күйеді, бұл кезде шамалы
түтіннің немесе бөгде иістің шығуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай және ақау болып табылмайды.
ГРИЛЬДЕ ӨНІМДЕРДІ ӘЗІРЛЕУ
Грильді тегіс тұрақты, ылғал және жылу,
ашық от көздерінен алыс жерге желілік
розеткаға қолжетімділік еркін болатындай етіп
орналастырыңыз.
Грильді оның негізінен қабырғаға дейін 20 см
кем емес қашықтық қалатындай, ал грильдің
үстіндегі кеңістік 30 см кем емес болатындай
етіп орнатыңыз.
Грильді тез тұтанатын материалдардың немесе
сұйықтықтардың, сонымен қатар жылу дефор-
мациясына ұшырайтын заттардың қасында
орналастырмаңыз.
Құрылғыны жақсы желдеткіші бар жерлерде
пайдаланыңыз.
Құрылғыны желдетісі жақсы жерлерде
пайдалыныңыз.
Жұмыс пластиналарының (9) орнатылғанына
және бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Назар аударыңыз! Орнатылған жұмыс пласти-
наларынсыз (9) грильді қосуға тыйым салынады.
Тексеріңіз және қажет болса, жұмыс
пластинасының құлыптау тұтқасын (3) күйіне
«OPEN» сырғытыңыз.
Тұтқадан (1) ұстаңыз және грильді ашыңыз.
Жұмыс пластиналарының (9) күюге қарсы
қабаттарына сәл өсімдік майын жағыңыз және
грильді жабыңыз.
Майды жинауға арналған сыйымдылық (11)
орнына орналастырылғанына көз жеткізіңіз.
Таймерді қосу реттегіші (6) «O» күйіне
орнатыңыз.
Желілік баудың ашасын розеткаға салыңыз.
Таймерді қосу реттегішінің тұтқасын (6)
10-60 минут аралығында орнатыңыз. Бұл ретте
«POWER» (8) қосу индикаторы және дайындық
индикаторы (7) жанады.
Температура реттегішінің тұтқасын (5) бұру
арқылы жұмыс пластинасының (9) қыздыру тем-
пературасын орнатыңыз.
Ескертпе: Пайдалануды бастамас бұрын жұмыс
пластинасының қыздыру температурасының
реттегішін (5) «MAX» күйіне қойыңыз. Қажет
болса, температураны өз қалауыңыз бойынша
реттей аласыз.
Жұмыс пластиналарының (9) қызу дәрежесі
белгіленген температураға жеткенде, «READY»
(7) дайындық индикаторы жанады, сіз өнімдерді
дайындауға кірісе аласыз.
Тұтқадан (1) ұстаңыз және грильді ашыңыз.
Өнімдерді абайлап төменгі жұмыс бетіне
(9) орналастырыңыз. Сұйықтықтар немесе
майлардың ммкін болатын шашырауларынан
күйіп қалудан сақтаныңыз.
Сіз құрылғыны жанаспалы гриль ретінде
қолдана аласыз. Бұл үшін, тұтқадан (1) ұстап,
жоғарғы жұмыс пластинасын (9) өнімдерге
төмен түсіріңіз.
Грильді жабық гриль ретінде пайдалану
Дайындалған өнімнің қалыңдығына байланысты
жоғарғы жұмыс платинасының биіктігін бекіту үшін
4 позицияның бірін қолдануға болады (сурет. 2),
ол жоғарғы пластинаның (3) көтеру биіктігін реттеу
тетігімен орнатылады.
Оны орнату үшін тұтқадан (1) ұстаңыз және жоғарғы
қақпақты (2) көтеріңкіреңіз. Үстіңгі пластинаның (3)
көтерілу биіктігінің тұтқасын «LOW» (төмен) күйінен
«HIGH» (жоғары) көрсеткішке қарай жылжытыңыз.
Және оны қалаған күйге қойыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс уақытында жұмыс
беттері және гриль корпусы қатты қызады,
күйіктерді болдырмау үшін ыстық беттерге
қолыңызды тигізбеңіз. Құрылғы корпусына
қорғалмаған қолдарыңызды тигізбеңіз.
Өнімдер әзірленген соң, тұтқадан (1) ұстаңыз
және жоғарғы жұмыс пластинасын (9) тірелгенге
дейін көтеріңіз.
Дайындалған тамақты тиісті ыдысқа ағаш
немесе термошыдамды пластмасса асүйлік
аксессуарларды қолдана отырып, салыңыз.
Грильді қайталап пайдаланған кезде
жоғарғы жұмыс пластинасын төменгісіне
түсіріңіз, белгіленген температураға жету
үшін, біраз уақыт күтіңіз, дайындық индика-
торы (7) жанғанда, өнімдерді әзірлеу үдерісін
жалғастырыңыз.
Құрылғыны ашық қуыру беті ретінде қолдану
Ашық грильде әзірлеу құрылғыны қолданудың
ең әмбебап тәсілі болып табылады. Ашық
күйде жұмыс бетінің ауданы екі есе артады, бұл
дәмдерді араластырмай-ақ әртүрлі тағам түрлерін
бөлек дайындауға мүмкіндік береді. Ашық күйі
әр түрлі қалыңдықтағы ет кесектерін дайындауға
да жарамды, бұл әр бөліктің қаншалықты
қуырылғанын бақылауға мүмкіндік береді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Грильді желіге қосқанға
дейін ашыңыз.
Саптан (1) ұстаңыз, жоғарғы жұмыс бетін (9)
тірелгенге дейін көтеріңіз.
Жоғарғы жұмыс бетін (9) тұтқадан (1) ұстап
тұрыңыз, толық ашуды бекіту батырмасына (4)
басыңыз және грильді (сур. 3) толық ашыңыз.
Скачать