Vitek VT-8456 Инструкция по эксплуатации онлайн [17/36] 811682

Vitek VT-8456 Инструкция по эксплуатации онлайн [17/36] 811682
17
ҚАЗАҚША
Май жинауға арналған сыйымдылық (11)
орнына орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Таймерді қосу реттегіші (6) «O» күйіне
орнатыңыз.
Желі баусымының ашасын розеткаға тығыңыз.
Таймерді (6) қосу реттегішін 10-60 минут
аралығында орнатыңыз. Бұл ретте «POWER»
(8) қосу индикаторы және жұмыс беттерінің
қыздыру индикаторы (7) жанады.
Реттегішпен (5) қажетті температураны
орнатыңыз, осы ретте «READY» (7) индикаторы
сөнеді, жұмыс пластиналарының (9) қызуын
күтіңіз, «READY» (7) индикаторы жанған кезде
сіз тамақ дайындауға кірісе аласыз.
Өнімдерді екі жұмыс пластиналарында (9)
әзірлеңіз.
Өнімдерді дайындауды аяқтағаннан кейін
температура реттегішінің тұтқасын (5) және
таймерді (6) қосу реттегішін «O» күйіне қойып,
розеткадан желілік сымның ашасын суырып
алыңыз.
Аспапты тазалауды жүргізу алдында, оның
толық салқындауын күтіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Алынбалы жұмыс пластиналары (9)
орнатылмаған грильді қосуға тыйым салынады.
Өнімдерді әзірлеу кезінде майды жинауға
арналған сыйымдылықты (11) әрқашан орна-
тып отырыңыз.
Жұмыс пластиналарын (9) қыздыру кезінде
грильді ашпаңыз, жабық күйде жұмыс пласти-
налары (9) біркелкі және жылдам қызады.
Сақ болыңыз: - жұмыс кезінде гриль корпусы
өте қатты қызады. Күйіп қалуға жол бермеу үшін
ыстық беттерге қолыңызды тигізбеңіз, грильді
ашу кезінде тек тұтқадан (1) ғана ұстаңыз.
Сақ болыңыз және жұмыс пластиналары (9)
арасындағы саңылаулардан ыстық будың
шығуына назар аударыңыз. Қолыңызды
жақындатпаңыз және дененің басқа ашық
жерлерін жұмыс пластиналарына (9) жақын
ұстамаңыз.
Грильді еріту және мұздатылған өнімдерді
әзірлеу үшін қолданбаңыз.
Ірі сүйектері бар еттерді әзірлемеңіз.
Әзірлеу ұзақтығы пайдаланылатын өнімдерге
байланысты болады.
Өнімдерді тамаққа тұтыну алдында, олардың
толық қуырылғандығына көз жеткізіңіз.
Өнімдерді әзірлеп болған соң бірден
шығарыңыз, іске қосулы грильде өнімдердің
ұзақ уақыт қалуы олардың тұтануына әкелуі
мүмкін.
Пісірілген тағамдарды жұмыс пластина ларының
(9) күюге қарсы жабындарын зақымдауы мүмкін
өткір металл заттарды пайдаланып алуға
тыйым салынады. Әрқашан күюге қарсы қабаты
бар ыдыстарға арналған ағаш немесе пласти-
калы аксессуарларды қолданыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Грильді әр пайдаланған сайын тазалап
отырыңыз.
Грильді пайдалануды аяқтағаннан кейін темпе-
ратура реттегішін (5) «MIN» күйіне және таймер
қосқышын (6) «O» күйіне орнатып, қуат сымын
розеткадан ажыратыңыз.
Жұмыс пластиналарын (9) толығымен ашыңыз,
грильдің бөлме температурасына дейін сууын
күтіңіз.
Жоғарыда сипатталғандай жұмыс пластинала-
рын (9) кезекпен шешіп алыңыз (сур. 1).
Жұмыс пластиналарынан (9) өнімнің
қалдықтарын алып тастаңыз, жұмыс пластина-
ларын (9) жылы сумен және бейтарап жуғыш
затпен шайыңыз, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
Ескертпе: Күйген тамақ қалдықтарын кетіру
үшін жылы суға сұйық жуғыш заттың ерітіндісін
дайындаңыз. Пластиналарды ерітіндіге салыңыз
да, оларды біраз уақытқа қалдырыңыз. Содан
кейін кірді жұмсақ губкамен кетіріңіз және ағынды
сумен жуып жіберіңіз. Содан кейін жұмыс пласти-
наларын мұқият кептіру керек.
Гриль корпусын жұмсақ сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
Майды жинауға арналған сыйымдылықтан (11)
майды құйып алыңыз, сыйымдылықты (11)
бейтарап жуатын құрал қосылған жылы сумен
жуыңыз, артынан құрғатып сүртіңіз.
Жұмыс пластиналарын (9) орнына қойыңыз.
Жұмыс пластинасының құлыптау тұтқасын (3)
«LOCK» (жабық) күйіне жылжытыңыз.
Гриль корпусының жұмыс пластиналарың (9),
грильдің корпусын тазалау үшін абразивтік
тазалау заттарды, еріткіштерді немесе металл
ысқыштарды пайдалануға тыйым салынады,
себебі олар күюге қарсы қабатты немесе гриль
корпусының сыртқы бетін бүлдіруі мүмкін.
Гриль-прессті суға батырмаңыз және оны ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз.
Ешқашан грильді, желі баусымын және желілік
баусымының айырын суға салмаңыз!
Назар аударыңыз! Электр тоғы соққысын
болдырмау үшін, құрылғыны суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз.
САҚТАЛУЫ
Құрылғыны ұзақ уақыт сақтауға жіберу алдында
грильді тазартыңыз.
Құрылғыны құрғақ және салқын, балалар мен
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Скачать