Brayer пульт BR4703 [20/31] 39 kz kz

Brayer BR4703 [20/31] 39 kz kz
38 39kz kz
Суға арналған тұрмыстық сүзгіштерден тазарту-
дан өткен су құбыры суын, дистилляцияланған
немесе қайнаған суды пайдаланыңыз, пайдаланы-
латын судың температурасы +40°С аспауы керек.
Газдалған немесе ластанған суды пайдаланбаңыз,
суқоймаға кез-келген парфюмерлік қоспаларды
қосуға тыйым салынады.
Құралды суға арналған суқоймасыз және суқойма-
да су болмаған жағдайда қоспаңыз.
Суқоймада су біткеннен соң, бірден ауа ылғал-
дағышты өшіріңіз.
Суға арналған суқойманы шығарар алдында
құралды электр желісінен ажыратыңыз.
Ауа ылғалдағыш жұмыс істеп тұрған кезде оның
үстін жаппаңыз.
Құрал корпусындағы саңылауларды жаппаңыз
және оларға бөтен заттардың түсуіне жол бер-
меңіз.
Ауа ылғалдағышты, желілік бауды немесе желілік
баудың айырыын суға немесе басқа кез-келген
сұйықтықтарға салуға болмайды.
Құрал жұмыс істеп тұрған кезде оны жылжытуға
немесе еңкейтуге тыйым салынады, сондай-ақ
суға арналған суқойманы шешіп алуға тыйым
салынады.
Тазалау кезінде немесе егер сіз ауа ылғал-
дағышты пайдаланбасаңыз құралды сөндіріңіз
және оны желіден ажыратыңыз, суқоймадан және
жұмыс камерасынан суды төгіңіз.

Балаларға полиэтилен пакеттерімен немесе қап-
тама үлдірімен ойнауға рұқсат етпеңіз. 

Құралды басқа жерге ауыстырудың алдында оны
электр желісінен ажыратыңыз, құралды тасы-
малдаған кезде абайлық сақтаңыз және оны екі
қолыңызбен корпусынан ұстаңыз.
Құралды тұрақты түрде тазалап тұрыңыз.
Егер сіз ұзақ уақыт бойы дистанциондық басқару
пультін пайдаланбайтын болсаңыз, батареялық
бөліктен қуаттандыру элементін шығару қажет.
Қуаттандыру элементін орнатқан кезде белгілеуге
сәйкес қарама-қайшылықты қатаң сақтаңыз.
Қуаттандыру элементін уақытылы ауыстырып
отырыңыз.
Балалардың қауіпсіздігі үшін орама ретінде
пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді қараусыз
қалдырмаңыз.
Құрал балалардың пайдалануына арналмаған.
Құралдың ойыншық ретінде пайдалануына жол
бермеу үшін балаларды қадағалаңыз.
Құрал жұмыс істеген кезде балаларға жұмыс
бетіне, құралдың корпусына, желілік бауға немесе
желілік баудың айырына жақындауына рұқсат
бермеңіз.
Егер жұмыс істеп тұрған құралдың маңында
балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар
жүрген болса, онда ерекше мұқият болыңыз.
Жұмыс істеу уақытында және жұмыс циклдері
арасындағы үзілістерде құралды балалардың
қолы жетпейтін жерде орналастырыңыз.
Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері төмен-
детілген тұлғалардың (балаларды қоса) немесе
оларда тәжірибесі немесе білімі болмаса, егер
олар бақыланбаса немесе олардың қауіпсіздігі
үшін жауап беретін тұлғамен аспапты пайдалану
туралы нұсқаулықтар берілген болмаса, аспап
олардың пайдалануына арналмаған.
Желілік баудың бүтіндігін жүйелі түрде тексеріп
отырыңыз.
Желілік бау зақымдалған болса, қауіпті жағдайды
болдырмау үшін оны өндіруші, сервистік қызмет
немесе баламалы білікті маман ауыстыруы керек.
Құралды өздігіңізден жөндеуге тыйым салынады.
Құралды өздігіңізден бөлшектемеңіз, кез-келген
ақаулық пайда болған кезде, сондай-ақ құрал
құлағаннан кейін оны электр желісінен ажыра-
тыңыз және сервистік орталыққа хабарласыңыз.
Құралдың зақымдалуына жол бермеу үшін тек
зауыттық қаптамасының ішінде тасымалдаңыз.
Құралды салқын және құрғақ жерде, балалардың
және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қол жетпей-
тін жерде сақтаңыз.
-


-



Ылғалдағышты үй-жайдағы +10°C бастап +40°C
дейінгі температурада және
80% салыстырмалық ауа ылғалдылығында пай-
даланыңыз.
Құралды қаптамадан шығарыңыз және барлық
қаптама материалдарын жойыңыз.
Зауыт қаптамасын сақтаңыз.
Жиынтығын тексеріңіз.
Қауіпсіздік шаралары мен пайдалануға беру
жөніндегі нұсқаулармен танысыңыз.
Құралды зақымдану белгілері бар-жоғына тексеріп
шығыңыз, зақымдану белгілері бар болған жағдай-
да оны желіге қоспаңыз.
Құралдың қуаттандыру кернеуінің көрсетілген
параметрлері электр желісінің параметрлеріне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

(11)

Дистанциондық басқару пультінде қуаттандыра-
тын литий элементі орнатылған. Қуаттандыратын

Содержание

Похожие устройства

Скачать