Bosch UniversalMulti 12 Solo 0.603.103.020 [71/165] Жинау

Bosch UniversalMulti 12 (0603103021) [71/165] Жинау
Қaзақша | 71
Bosch Power Tools 1 609 92A 3AZ | (8.3.17)
Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі жұмыстары
үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін
түрлі керек-жарақтармен басқа алмалы-салмалы аспаптар
менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу
көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл қуатын
арттырады.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Аккумуляторды зарядтау
Тек керек-жабдықтар бетінде көрсетілген зарядтау
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз
ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау
құрылғысында толығымен зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқар-
тусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау
процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор “Electronic Cell Protection
(ECP)” арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккуму-
лятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы
арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Ескертпе: Аккумулятор заряды ада болған немесе ол
қызып кеткен кезде электр құрал автоматты өшсе, онда
электр құралды қосқыш/өшіргішпен 2 өшіріңіз. Электр
құралды қайта қосар алдында аккумуляторды зарядтаңыз
немесе суытыңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы
мүмкін.
Аккумуляторды шешу
Аккумуляторды шығару үшін 3 аккумуляторды босату
түймесін 4 басыңыз және аккумуляторды электр құралдан
артқа шығарыңыз. Тартқан кезде күш салмаңыз.
Аккумулятор зарядталу күйі индикаторы
Аккумуляторлық зарядтау күйінің көрсеткіші 6 қосулы
электр құралында қолжетімді аккумулятор зарядын к
немесе артық жүктеуді көрсетеді.
Егер аккумулятор зарядтау күйінің көрсеткіші 6 қызыл
түсте жыпылықтаса, онда электр құрал артық жүктелген.
“Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы”
бөліміндегі, 76 бетіндегі нұсқауларды орындаңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Аспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптарға тию жарақаттану қаупін
туындатады.
Құрылғыға арналған аспаптарды ескеріңіз.
Алмалы-салмалы аспаптарты таңдау
Төмендегі кестеде алмалы-салмалы аспап түрлері көрсетілген. Басқа алмалы-салмалы аспаптарды Bosch ұсынатын
жабдықтар тізімінен табуға болады.
Көрсеткіш Қуаты
Үздіксіз жарық жасыл >70 %
Сары үздіксіз жарық 3070 %
Үздіксіз жарық қызыл <30 %
Жұмыс құралы UniversalMulti 12
Жұмыс құралы Материал Пайдалану
Биметалды
сегменттік ара
полотносы
Ағаштық заттектер,
Пластмасса,
Түсті металдар
Ажырататын және қысқа ара кесіктері; шетіне жақын,
бұрыштарда және әрең жететін жайларды да аралау үшін;
Мысал: орнатылған еденкемерді немесе есік рамасын
қысқарту, еден панельдерін лайықтауда жасырын
кесіктер
Delta сериялық
93 мм ажарлау
дискі үшін
ажарлау
пластинасы
тегістеу дискіне
байланысты
Шеттерді, бұрыштарды және әрең жететін жайлар
беттерін тегістеуге арналған;
тегістеу дискіне байланысты, мысалы, ағаш, бояу, лак,
тасты тегістеуге арналған
Флизелин ағашты тазалау және құрамдастыру үшін,
металдан тот кетіру және лактарды ажарлау үшін, алдын
ала жылтырату үшін киіз
OBJ_BUCH-3044-001.book Page 71 Wednesday, March 8, 2017 1:05 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать