Samsung Bespoke RR39T7475AP без внешней панели [64/0] Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер

Samsung RR39T7475AP [64/0] Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қазақ12 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Тоңазытқышты міндетті түрде білікті техник маман немесе
сервис компаниясының орнатуын қатаң түрде ұсынамыз.
- Бұлай істемеген кезде, электр қатері, өрт, жарылыс,
құрылғыға байланысты ақау немесе жарақат алу қаупі
пайда болуы мүмкін.
Тоңазытқыштың кез келген есігіне көбірек салмақ түссе,
тоңазытқыш құлап, адам жарақат алуы мүмкін.
Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
Қуат ашасын су қолыңызбен розеткаға сұқпаңыз.
- Себебі электр қатері орын алуы мүмкін.
Құрылғының үстіне зат қоймаңыз.
- Есікті ашқанда немесе жапқанда, заттар құлап кетіп, адам
жарақаттануы немесе және/не мүлікке зиян келуі мүмкін.
Қолдарыңызды, аяқтарыңызды немесе темір заттарды
(мысалы, тіс шұқығыш т.с.с.) тоңазытқыштың астыңғы немесе
артқы жақтарына салмаңыз.
- Себебі электр қатері орын алуы немесе жарақат алуыңыз
мүмкін.
- Кез келген өткір қырлар жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Су құйылған сауытты тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз.
- Төгіліп қалса, өрт шығуы немесе электр қатері пайда
болуы мүмкін.
Тоңазытқыштың ішіне буланғыш немесе тұтанғыш нәрселерді
немесе заттарды (бензол, сұйылтқыш, пропан газы, спирт,
эфир, СГ және тағы басқа осы сияқты заттарды) сақтамаңыз.
- Бұл тағам сақтауға ғана арналған тоңазытқыш.
Untitled-6 12 2020-05-21 PM 2:59:44

Содержание

Похожие устройства

Скачать