Samsung Bespoke RR39T7475AP без внешней панели [84/0] Іске пайдалану

Samsung Bespoke RR39T7475AP без внешней панели [84/0] Іске пайдалану
Іске пайдалану
Қазақ32
Іске пайдалану
03 Есіктің сигналы / Демалыс (3 сек)
Door Alarm
(Есіктің сигналы)
Сигналды ескерту беретін етіп орнатуға болады. Есік 2 минуттан көп уақыт
ашық қалса, дабыл естіліп, түйменің сол жағындағы жарық диодты индикатор
жыпылықтайды.
Ескертуді Door Alarm (Есіктің сигналы) түймесін басып, қосу және өшіру
параметрін ауыстыруға болады.
Vacation
(Демалыс)
Демалысқа немесе іс-сапарға бара жатсаңыз немесе тоңазытқышты ұзақ уақыт
пайдаланбасаңыз, Демалыс режимін қолданыңыз.
Демалыс режимін іске қосу үшін, Vacation (Демалыс) түймесін басып,
3 секунд ұстап тұрыңыз. Демалыс Қосулы ( ) индикаторы қосылады
да, тоңазытқыш температураларының дисплейі сөнеді. Тоңазытқыш
температурасы 17 °C градустан төмен басқарылады.
Демалыс режимін өшіру үшін Vacation (Демалыс) түймесін қайта 3 секунд
басып ұстап тұрыңыз. Тоңазытқыш температурасы алдыңғы параметрге
қайтарылады.
ЕСКЕРТПЕ
Демалыс функциясын пайдалану алдында міндетті түрде тоңазытқыш
бөліктегі тағамдарды алып тастаңыз.
Температураны реттесеңіз, Демалыс режимі сөнеді.
04 Бекітпе (3 сек)
Lock (Бекітпе)
Басқару құралдарын кенет немесе байқамай басып қоймау үшін Lock (Бекітпе)
түймесін 3 секунд басып ұстап тұрып, Lock (Бекітпе) режимін қосыңыз. Түйменің
сол жағындағы жарық диодты индикатор жанып, барлық басқару элементтері
өшіріледі.
Сөндіру үшін тағы 3 секунд басып ұстап тұрыңыз. Басқару құралдары әдеттегідей
қосылып тұрады.
Untitled-6 32 2020-05-21 PM 2:59:47

Содержание

Похожие устройства

Скачать