Samsung Bespoke RR39T7475AP без внешней панели [82/0] Орнату

Samsung Bespoke RR39T7475AP без внешней панели [82/0] Орнату
Орнату
Қазақ30 
Орнату
Оң жақтың биіктігін реттеу үшін:
Алдыңғы оң жақ аяқтың деңгейлегішіне жалпақ
басты бұранда бұрағышты салыңыз. Деңгейлегішті
көтеру үшін сағат тілі бағытымен, ал төмендету
үшін сағат тілі бағытына қарсы бұраңыз.
ҚАДАМ: 4 Бастапқы параметрлер
Келесі қадамдарды орындағаннан кейін, тоңазытқыш толық іске қосуға дайын.
1. Тоңазытқышты тасымалдау кезінде қорғау үшін салынған, оның әр бұрышындағы полиэтилен көбіктен
жасалған төсемдерді алыңыз.
2. Тоңазытқышты іске қосу үшін қуат сымын қабырғадағы розеткаға жалғаңыз.
3. Есікті ашыңыз да, ішкі жарық шамының жанатын-жанбайтынын тексеріңіз.
4. Температураны ең суық температураға қойыңыз да, шамамен бір сағат күтіңіз. Содан кейін,
тоңазытқыш шамалы салқындайды да, қозғалтқыш қалыпты жұмыс істейді.
5. Тоңазытқыш орнатылған температураға жеткенше күтіңіз. Енді тоңазытқыш пайдалануға дайын.
ҚАДАМ: 5 Соңғы тексеру
Орнатып болғаннан кейін келесіні тексеріңіз:
Тоңазытқыштың электр көзіне қосылғанын және жерге дұрыс тұйықталғанын.
Тоңазытқыштың қабырғадан немесе шкафтан жеткілікті қашықтықта, тегіс, орнықты жерге қойылғанын.
Тоңазытқыштың орнықты екенін және еденге орнықты қойылғанын.
Есіктің еркін ашылып-жабылатынын және есік ашылғанда ішкі жарық шамының автоматты түрде
жанатынын.
Untitled-6 30 2020-05-21 PM 2:59:46

Содержание

Похожие устройства

Скачать