Samsung Bespoke RR39T7475AP без внешней панели [71/0] Тазарту кезіндегі сақтық шаралары

Samsung Bespoke RR39T7475AP без внешней панели [71/0] Тазарту кезіндегі сақтық шаралары
Қазақ  19
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Тазарту кезіндегі сақтық шаралары
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
Тоңазытқыштың ішкі немесе сыртқы бетіне су шашпаңыз.
- Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Тоңазытқыштың ішін құрғату үшін шаш кептіргішті
қолданбаңыз.
Тоңазытқыштың ішіндегі жағымсыз иісті кетіру үшін жанып
тұрған шам қоймаңыз.
- Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Су сауытын, мұз науасын және мұз текшелері науасын
ауыз суымен ғана (минералды немесе тазартылған сумен)
толтырыңыз.
- Сауытқа шай, сок немесе энергетикалық сусын құймаңыз,
себебі мұздатқышқа зақым келуі мүмкін.
Тазалағыш құралдарды бейнебетке тура шашпаңыз.
- Бейнебетке басылған қаріптер түсіп қалуы мүмкін.
Құрылғыға су тәрізді бөгде зат кіріп кетсе, ашасын розеткадан
суырып, ең жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Бұлай істемесеңіз, электр қатері немесе өрт пайда болуы
мүмкін.
Қуат ашасының істікшелеріндегі бөгде затты немесе шаңды
тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз. Ашаны
тазалаған кезде су немесе дымқыл шүберекті қолданбаңыз.
- Себебі өрт шығуы немесе электр тогы соғуы мүмкін.
Құрылғыға тура су шашып тазалауға болмайды.
Бензол, сұйылтқыш немесе Clorox, хлоридті пайдаланып
тазаламаңыз.
- Себебі бұндай заттар құрылғының беткі қаптамасын
бүлдіруі және өрт шығаруы мүмкін.
Untitled-6 19 2020-05-21 PM 2:59:44

Содержание

Похожие устройства

Скачать