Samsung DV90TA040AE/LP [67/0] Құрылғыға таймер тәрізді сырттан іске қосатын құралды орнатпау керек немесе құрал арқылы жиі қосылатын және сөндірілетін тізбекке қоспау керек

Samsung DV90TA040AE/LP [67/0] Құрылғыға таймер тәрізді сырттан іске қосатын құралды орнатпау керек немесе құрал арқылы жиі қосылатын және сөндірілетін тізбекке қоспау керек
Қазақша
9
22. ЕСКЕРТУ: Құрылғыға таймер тәрізді сырттан іске
қосатын құралды орнатпау керек немесе құрал арқылы
жиі қосылатын және сөндірілетін тізбекке қоспау керек.
Қыздырғыш сорғылы үлгіге ғана қатысты
: Нұсқаулар
сонымен қатар келесіні қамтуы керек:
ЕСКЕРТУ: Құрылғы корпусында немесе кіріктірілген
жиһазда желдету саңылауларын ашық ұстаңыз.
ЕСКЕРТУ: Салқындатқыш тізбекке зақым келтірмеңіз.
Орнатуға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
Бұл құрылғыны білікті техник немесе қызмет көрсету орталығы орнатуға тиіс.
Бұл нұсқау орындалмаған жағдайда, электр, өрт, жарылыс қатері орын алуы,
өнімге нұқсан келуі не адам жарақат алуы мүмкін.
Қорек сымын қабырғадағы розеткаға жалғаңыз және розетканы тек осы құрылғы
үшін қолданыңыз. Сонымен қатар, ұзартқыш сымды қолдануға болмайды.
Розеткаға ұзартқышты немесе көп-салалы қосқышты пайдаланып басқа
құрылғыларды қоссаңыз, электр қатері не өрт шығуы мүмкін.
Желі кернеуі, жиілік пен тоқ мәндерінің, құрылғының техникалық
параметрлеріне сай келетінін тексеріңіз. Бұлай істемеген жағдайда, электр
қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін. Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз.
Құрылғының ашасы қосылатын ағытпалар мен контакттарын, шаң немесе су тәрізді
басқа заттардан құрғақ шүберекті қолданып мезгіл-мезгіл тазалап отырыңыз.
Ашаны розеткадан суырып, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Орам материалдарының барлығын баланың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі
орам материалдары балалар үшін қауіпті болуы мүмкін.
Бала қалтаны басына киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары
DV5000T_DC68-04209S-00_KK.indd 9 2020/12/1 11:14:23

Содержание

Похожие устройства

Скачать