Samsung DV90TA040AE/LP [69/0] Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер

Samsung DV90TA040AE [69/174] Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер
Қазақша
11
Бұл құрылғыны розеткаға, су құятын шүмектер мен су төгетін құбырларға жақын
жерге орнату керек.
Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
Балаларға не үй жануарларына құрылғының ішіне кіруге не үстіне шығуға рұқсат
бермеңіз. Сонымен қатар, құрылғыны тастаған кезде есіктің құлпын бекітпесін
(тетігін) ағытыңыз.
Бұл балалар құлап немесе жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Балалар құрылғының ішіне қамалып қалса, тұншығып қалуы мүмкін.
Барабан айналып тұрғанда, құрылғының ішіне кіруге тырыспаңыз.
Құрылғының үстіне отырмаңыз немесе есігіне сүйенбеңіз.
Себебі құрылғы аударылып кетіп, жарақат алуыңыз мүмкін.
Құрылғыны тиісті кір жуғыш машинамен сыққаннан кейін ғана кептіріңіз.
Жуылмаған заттарды кептіргіш машинада кептірмеңіз.
Конденсат суды ішпеңіз.
Кептіргіш машинаны ешқашан, егер заттарды тез алып, кептіру қызуын баспасаңыз,
кептіру циклы аяқталғанша тоқтатпаңыз.
Құрылғыны бензин, керосин, бензол, сұйылтқыш, спирт, т.б. тәрізді тұтанғыш зат
жұққан кірді кептіру үшін пайдаланбаңыз.
Себебі электр қатері орын алуы, өрт не жарылыс шығуы мүмкін.
Жануарларға кептіргішті кеміруге не онымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Электр қатері орын алуы не адам жарақаттануы мүмкін.
Құрылғыны тастаған кезде есігі мен қуат сымын құрылғыны тастамай тұрып ағытып
алыңыз.
Бұлай істемеген жағдайда қуат сымына ақау келуі немесе адам жарақат алуы
мүмкін.
Қуат ашасын дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары
DV5000T_DC68-04209S-00_KK.indd 11 2020/12/1 11:14:23

Содержание

Похожие устройства

Скачать