Philips HR2000 ⁄ 50 [48/120] Ескерту

Philips HR2000 ⁄ 50 [48/120] Ескерту
- Егер құралдың шанышқысы, сымы немесе құралдың өзге бөлшегі зақымдалса, құралды
қолданбаңыз.
- Блендер ыдысын немесе тағам шайқаушы диірменін құралды қосу немесе өшіру үшін
қолданбаңыз.
- Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
- Бұл құралмен, егер осы құралды қолдану жөнінде олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан
нұсқау алған болмаса немесе оның қадағалауымен қолданып жатпаған болса, физикалық
сезімталдығы төмен немесе ақылы кем адамдар немесе білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(жас балаларды да қоса) қолдануына болмайды.
- Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалаңыз.
- Пышақтың өткір жүзіне тиіп кетпеңіз, әсіресе аспап электр жүйесіне қосулы тұрған кезде.
Жүзі өте өткір!
- Егер пышақтарға тамақ тұрып қалса, пышаққа тұрып қалған ингредиенттерді алып тастамас
бұрын, құралды тоқтан ажыратыңыз.
- Егер блендер ыдысы немесе тағам шайқаушы диірмені (ерекше түрлері ғана) алмас бөлігіне
мүлдем орнатылмаған немесе дұрыс емес орнатылған болса, алмас бөлігін мотор бөлігіне
салуға болмайды.

- Құралды жинар, бөлшектер, тазалар немесе кез келген бөлшектерін сәйкестендірер кезде,
міндетті түрде оны тоқ сымынан ажыратыңыз.
- Басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша қондырғыларын, сондай-ақ
Philips арнайы кеңес ретінде ұсынбаған бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай
бөлшектерді немесе қосымша қондырғыларды қолданған болсаңыз, онда сіздің кепілдігіңіз
өз күшін жоғалтады.
- Әр айналымды өндірер алдында құралды бөлме температурасына дейін суытып алып
отырыңыз.
- Шу деңгейі: Lc = 86 dB(A)

Осы Philips құралы Электрoмагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Егер осы құралды қосымша берілген нұсқаудағыдай ұқыпты қолданған болса, онда бұл
құрал, бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, қолдануға қауіпсіз болып келеді.

Бұл мүмкіндікті құралды тек блендер ыдысы немесе тағам шайқаушы мотор бөлігіне дұрыс
орнатылғанда ғана қосуға болады. Егер блендер ыдысы немесе тағам шайқаушы диірмені
мотор бөлігіне дұрыс орнатылса, ішіне орнатылған бекітпе ашылады.


- Құрал жұмыс жасап тұрғанда, банкіге саусақтарыңызды немесе басқа заттарды салуға
болмайды.
- Банкіні электроқозғалтқыш блогіне орнатудың алдында, пышақ бөлігі блендер банкісіне
берік бекітілгендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

- Араластырғыш ыдысына температурасы 80ºC -тан жоғары ингредиенттерді салмаңыз.
- Тасып кетуден сақ болу үшін, блендер банкісіне 1.25 литірден артық сұйықтық құймаңыз,
әсіресе егер сіз жоғары жылдамдықпен шайқап жатсаңыз. Егер сіз ыстық немесе
көбіктенетін сұйықтықтарды шайқап жатсаңыз, блендер банкісіне 1 литірден артық
сұйықтық құймаңыз.
- Егер тамақ араластырғыш ыдысының жан-жағына тұрып қалса, құралды сөндіріп, тоқтан
суырыңыз. Тұрып қалған тамақты алып тастау үшін күрекшені қолданыңыз.
48

Содержание

Скачать