Philips HD9020 ⁄ 40 [62/152] Бағдарламалар

Philips HD9020 ⁄ 40 [62/152] Бағдарламалар
- Дисплейде «OFF» (Өшірілді) хабары көрсетіліп, 1 ұзақ сигнал естілгенше осы түймені 2
секунд басып тұрыңыз. Ағымдағы бағдарламадан бас тартылып, құрылғы әдепкі параметрге
(мысалы 1-бағдарлама — Кәдімгі ақ нан, 750 гр, орташа қызартылған)
қайтады. Бұл жағдайда құрылғы өшпейді.

Бағдарлама таңдағышы көмегімен 12 түрлі бағдарламаның біреуін таңдауға болады. Дисплейге
таңдалған бағдарламаның нөмірі және осы бағдарлама үшін оңтайлы жұмыс уақыты
көрсетіледі.

Қызарту түрінің таңдағышы арқылы қызарту түрін (біраз қызартылған, орташа қызартылған
немесе қатты қызартылған) таңдауға болады. Таңдалған қызарту түрі дисплейде көрсетіледі.

Салмақ таңдағышының көмегімен, үш салмақтың (500 гр, 750 гр немесе 1000 гр) біреуін
таңдауға болады. Бөлкенің салмағы дисплейде көрсетіледі.


1 Құралды тегіс, тұрақты және көлбеу жерге қойыңыз.
2 Нан табасын сағат тіліне қарсы бұрап, құрылғыдан шығарыңыз. (Cурет 2)
Ескертпе: Нан табасына қоспа салғанда құрылғының ішіне төгіліп кетпеуі үшін, табаны
құрылғыдан алдымен шығару қажет.
3 Илеу қалағындағы саңылаудың және нан табасының іші таза екенін тексеріңіз.
Ескертпе: Бұл бөлшектер таза болмаса, илеу қалағын дұрыс орнатылмауы мүмкін.
4 Илеу қалағындағы саңылаудың тегіс жағын нан табасының ішіндегі оқпанның тегіс
жағына келтіріңіз. Содан кейін илеу қалағын қатты басып, оқпанға бекітіңіз (Cурет 3).
Ескертпе: Илеу қалағы орнына дұрыс орнатылуы тиіс. Әйтпесе, қолдану кезінде орнынан шығып
кетуі мүмкін. Бұл араластыру немесе илеу үрдісіне кері әсерін тигізеді.
Ескертпе: Илеу қалағы оқпанға дұрыс орнатылғанда, оқпанда көлбеу бос орын қалады. Бұл
қалыпты жағдай.
5 Жасалатын рецепттердің қоспаларын өлшеңіз (Пісіру туралы қосымша ақпарат
кітапшасының «Нан пісірудің стандартты рецепттері» тармағын қараңыз).
Ескертпе: Қоспаларды мұқият өлшеу қажет. Пісіру туралы қосымша ақпарат кітапшасының
«Қоспалар» тарауындағы «Қоспаларды өлшеу» бөлімін қараңыз.
6 Нан табасына қоспаларды рецепттегі тізімге сай салу қажет.
- Ашытқыны ең соңынан қосу керек. Үйілген ұнның ортасына тесік жасап, ашытқыны соған
құйыңыз.
Ашытқыны басқа сұйық қоспалармен араластыруға болмайды. Нан, әсіресе таймерді
қолданғанда, көтерілмеуі мүмкін.
- Нан пісіріліп жатқанда қоспа қосу керек болса, құрылғы 30 минуттан кейін үш рет қысқа
және созыңқы дыбыс береді де, дисплейде «ADD» (Қосу) хабары көрінеді. Егер қоспа
қосылмаса, құрылғы пісіруді жалғастырады.
7 Нан табасын құрылғы ішіне орнатыңыз. Құрылғыға бекітілгенше нан табасын сағат
тілімен бұраңыз (Cурет 4).
62

Содержание