Philips HD9020 ⁄ 40 [64/152] Таймерді пайдалану

Philips HD9020 ⁄ 40 [64/152] Таймерді пайдалану
нәтижеге жету үшін, бағдарлама аяқталғанда қамырды шығарып, рецептте көрсетілген
пішіндеу, сақтау және пісіру нұсқауларын орындау қажет.
Ескертпе: «Жылы күйде сақтау» режимі кезінде немесе ол аяқталған соң нанды шығарып
алмаса, оның қыртысы дымқылданып, қытырлақтығын жоғалтады. «Жылы күйде сақтау»
режимі нанды КҮЙДІРМЕЙДІ.

Нанның кейінірек пісірілуі қажет болғанда таймерді пайдалануға болады. Ең көбі 13 сағатқа
орнатуға болады.
Мысалы, таңертеңгі сағат 08:00-де ыстық нанның дәмін тату үшін, таймерді кешкі сағат
19:00-де 13 сағатқа орнатыңыз.
Ескертпе: Бұзылатын қоспалар (жұмыртқа, жаңа сауылған сүт, қаймақ немесе ірімшік сияқты)
қосылуы қажет рецепттер үшін таймер қызметін пайдалануға болмайды.
Таймерді пайдалану үшін:
1 Қоспалардың барлығын нан табасына салыңыз.
2 Рецепт бойынша қажетті бағдарламаны, нан салмағын және қызарту түрін таңдаңыз.
, Таңдалған параметрлер бойынша жалпы пісіру уақыты дисплейде көрсетіледі.
3 Нанның дайын болуына дейінгі уақытты (сағатпен) санап шығыңыз.
Мысалы, қазір сағат 19:00 болып, нан таңертеңгі сағат 08:00-де дайын болуы қажет болса,
уақыт аралығы 13 сағат болады.
4 Қажетті уақыт аралығы дисплейде көрсетілгенше таймер уақытын арттыру немесе
азайту түймесін басыңыз (Cурет 13).
, Арттыру немесе азайту түймесін басқан сайын уақыт 10 минутқа артады немесе азаяды.
Егер түймені басып, ұстап тұрса, уақыт тез артады немесе азаяды.
Ескертпе: Егер дисплейдегі уақыт 13 сағатқа жетіп, уақытты арттыру түймесі әлі де
басылып тұрса, дисплей орнатылған бағдарламаның пісіру уақытына қайтады.
Ескертпе: Орнатылатын уақыттан асып кеткенде уақытты арттыру немесе азайту үшін,
қарсы түймені басу қажет.
5 Қосу/сөндіру/болдырмау түймесін басыңыз.
, Таймер орнатылған уақытты минут бойынша кері санайды.
, Құрылғы сигнал беріп, таймер уақыты «00:00» күйге келгенде нан дайын болады.

Нан пісіргіштің іші, нан табасы, илеу қалағы және нан өте ыстық. Пісіріп болғанда немесе
«жылы күйде сақтау» режимінде болғанда нан табасын шығару үшін, қолғап кию абзал.
1 «Жылы күйде сақтау» режимін өшіру үшін, қосу/тоқтату/болдырмау түймесін 2 секунд
басып тұрыңыз. Дисплей «OFF» (Өшірілді) жазуын көрсетеді, ағымдағы бағдарламаны
тоқтатып, әдепкі параметрге қайтады.
2 Құрылғыны өшіру үшін, ашаны розеткадан ажыратаңыз.
3 Ыстық ыдысты ұстауға арналған шүберек немесе қолғапты пайдаланып, қақпақты
ашыңыз да, нан табасын сағат тіліне қарсы бұраңыз. Одан кейін нан табасын тұтқасынан
ұстап, құрылғыдан шығарыңыз.
4 Нанды оңай алу үшін, нан табасындағы нанды 5 минуттай тік ұстаңыз. Одан кейін
табаны төңкеріңіз. Нан тезірек суып, дымқылданбауы үшін, табаны тұтқасынан ұстап,
нанды сымнан жасалған суыту торына сілкіп түсіріңіз.
64

Содержание