Samsung MW-712BR [43/48] Ақаулық туындаса немесе күмән пайда болса не істеу керек

Samsung MW-712BR [43/48] Ақаулық туындаса немесе күмән пайда болса не істеу керек
11


Пешті тегіс, жазық, еденнен 85 см биік жерге қойыңыз. Пеш
қойылатын бет, пештің салмағын еш қауіпсіз көтере алатындай
мықты болуға тиіс.
 Пешті орнатқан кезде, пештің артқы жағы мен
екі жақ жанынан кем дегенде 10 см (4 дюйм),
пештің үстінен 20 см (8 дюйм) ашық орын
қалдырыңыз.
 Пештің ішіндегі орам материалдарының
барлығын алыңыз.
Айналмалы шығырық пен бұрылмалы табақты
орнатыңыз.
Бұрылмалы табақтың еркін айнала
алатындығына көз жеткізіңіз.
 Микротолқынды пешті оның ашасына қол жететіндей етіп орнату
керек.
Қорек сымы бүлініп қалса, оның орнына өндіруші немесе оның
агентінен алуға болатын арнайы сым немесе құрастырылған
жинақты орнатуға болады.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін сымды 3-тармақты,
230 Вольт, 50 Гц, АТ розеткасына жалғаңыз. Құрылғының қорек
сымына зақым келсе, орнына арнайы сым ғана салынуға тиіс.
Микротолқынды пешті кәдімгі пеш немесе радиатордың қасы
тәрізді ыстық немесе ылғалды жерге қоймаңыз. Пешті қуат көзіне
қосуға байланысты параметрлерін орындау керек, ұзартқыш сым
қолданылса, ол да пеш сымының стандартына сай келу керек.
Микротолқынды пешті ең алғаш іске қоспас бұрын, пештің іші мен
тығыздағышын дымқыл шүберекпен тазалаңыз.


Төмендегі ақаулықтардың бірі орын алса, көрсетілген шешімдерді
қолданып түзетіп көріңіз.

 Пештің ішінде конденсат пайда болады.
 Есіктің айналасы мен корпустың сыртынан жел үрлейді.
 Есіктің айналасы мен корпус сыртында жарық шағылысады.
 Есіктің маңайы мен саңылаулардан бу шығады.

 Есік әбден жабылды ма?

 Таймерді дұрыс орнаттыңыз ба?
 Есік жабық тұр ма?
 Электр желісінің жүктемесін арттырғандықтан, сақтандырғыш
жанып немесе айырып-қосқыш іске қосылған жоқ па?

 Тағамның түріне сай келетін пісіру уақыты орнатылды ма?
 Сай келетін қуат мәні таңдалды ма?


 Металл жиегі бар ыдысты қолдандыңыз ба?
 Шанышқы немесе басқа металл ас құралы пештің ішінде қалып
қойған жоқ па?
 Алюминий фольга пештің ішкі қабырғасына тым жақын
орналасқан жоқ па?

 Пеш жұмыс жасап тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған
бөгеуіл пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Бұндай
бөгеуілді азайту үшін, пешті теледидар, радио және антеннадан
алыс орнатып көріңіз.
Жоғарыда көрсетілген ақыл-кеңес ақаулықты түзетуге көмектеспесе,
жергілікті дилер немесе SAMSUNG тұтынушыға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
артқы
жағынан
10 см
жоғарыдан
20 см
жанынан
10 см
еденнен
85 см биік
MW712BR_BWT-03781D-01_KK.indd 11 2010-04-30  6:01:29

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения