Philips FC9174 [52/132] Сақтау

Philips FC9174 [52/132] Сақтау
3 HEPA 13 сүзгісінің бүктелмелі жағын баяу ағып тұрған ыстық ағын су астында шайыңыз.
- Сүзгінің бүктелген жағын жоғары қаратып ұстап, суды бүктемесіне параллельді етіп
ағызыңыз. Сүзгіні ішіндегі жиналып қалған кір сумен ағып кететін бұрышта
ұстаңыз (Cурет 31).
- Сүзгіні 180° бұрап, суды керісінше ағызып жіберіңіз (Cурет 32).
- Сүзгі толық тазаланғанша, осы әрекетті қайталай беріңіз.
Жуылатын сүзгіні щеткамен тазалауға болмайды (Cурет 33).
Ескертпе: Тазалау сүзгінің бастапқы түсін қалпына келтірмейді, бірақ сүзу қуатын қалпына
келтіреді.
4 Абайлап сүзгі бетіндегі суды сілкіп жіберіңіз. Сүзгіні кем дегенде 2 сағат бойы кептіріңіз,
содан соң оны қайтадан шаңсорғышқа орнатыңыз.
5 Сүзгіні қайтадан құрылғыға салыңыз. Сүзгі торын жауып, төменгі бұрыштарын сырт етіп
орнына түскенше итеріңіз (Cурет 30).

1 Құбырды ең қысқа ұзындығына апару үшін, оның бөлшектерін бір-біріне кіргізіңіз.
2 Құрылғыны сөндіріп, оны ток көзінен ажыратыңыз.
3 Қуат сымын жинап қою үшін, қуат сымын жинау түймесін басыңыз (Cурет 34).
4 Құрылғыны тігінен жинап қою үшін, саптама жиектерін сақтап қоятын орынға
кіргізіңіз (Cурет 35).
5 Үш белсенділікті саптаманы тек кілем бағдарламасында (щетканың таспасы саптама
ішіне кіргізілген) сақтаңыз. Сондай-ақ, жанындағы щеткаларды майыстырып
алмаңыз (Cурет 8).

Егер шаң дорбасын, сүзгі немесе басқа қосымша құралды табу қиын болса, еліңіздегі Philips
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз немесе дүниежүзілік кепілдік
кітапшасын қараңыз.

- Классикалық Philips s-bag ` синтетикалық шаң дорбаларына FC8021 түр нөмірі бойынша
тапсырыс беруге болады.
- Клиникалық Philips s-bag ` жоғары фильтрациялы синтетикалық шаң дорбаларына FC8022
түр нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.
- Жағымсыз иіске қарсы Philips s-bag ` синтетикалық шаң дорбаларына FC8023 түр нөмірі
бойынша тапсырыс беруге болады.

- Super Clean Air сүзгілеріне FC8030 түр нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.
- Жууға болмайтын Super Clean Air HEPA 12 сүзгісіне FC8031 түр нөмірі бойынша тапсырыс
беруге болады.
- Жууға болатын Ultra Clean Air HEPA 13 сүзгілеріне FC8038 түр нөмірі бойынша тапсырыс
беруге болады.
52

Содержание