Philips Avent SCD 525 [105/272] Жалпы

Philips Avent SCD 525 [105/272] Жалпы
- Нәресте бөлігін бөпенің төсегіне немесе манежінің ішіне қоймаңыз.
- Ата-аналар және нәресте бөліктерін ешқашан еш нәрсемен жаппаңыз (мәселен, сүлгі
немесе көрпеше).
- Нәресте бөлігіне әрдайым қайта зарядталмайтын батареялардың керекті түрін ғана
салыңыз.
- Ата-аналар бөлігіне әрдайым қайта зарядталатын батареялардың керекті түрін ғана
салыңыз.
- Ата-ана модулі таратқыш немесе басқа DECT құралының (яғни DECT телефонының
немесе сымсыз интернет маршрутизаторының) жанына қойылса, нәресте модулімен
байланыс жоғалуы мүмкін. Байланыс қайта орнатылғанша нәресте бақылағышын сымсыз
құралдардан қашықтатыңыз.
- Жанында қалта телефоны қосылып тұрса, нәресте бақылағышында кедергілер пайда болуы
мүмкін.
- Радио кедергісі міндетті түрде болады және нәресте бақылағышының дыбысына әсер етуі
мүмкін.

- Бұл нәресте мониторы тек көмекші құрал ретінде ғана жасалған. Ол жауапкершілікті және
орнықты ересек бақылауын алмастыра алмайды, оны бұл мақсатпен қолдануға болмайды.
- Нәресте ұйқысына кедергі келтірмеу үшін мүмкін барлық шараларды қолданыңыз.
- Температура сенсоры нәресте бөлмесіндегі температураны тек өлшейді. Ол нәресте
бөлмесіндегі температураны бақылай немесе сәйкестендіре алмайды.


- Қайта зарядталмайтын және қайта зарядталатын батареялар күн сәулесі, от немесе басқа
жоғары температура көздерінен жарылуы мүмкін.
- Жарылыс қаупінің алдын алу мақсатында әрдайым ата-ана модуліне қайта зарядталатын
батареялардың қажетті түрін қолданыңыз. Жарылыс қаупін болдырмау үшін қайта
зарядталмайтын батареяларды қолданбаңыз.
- Жарылыс қаупінің алдын алу үшін әрдайым нәресте модуліне қайта зарядталмайтын
батареялардың қажетті түрін қолданыңыз. Нәресте модулінде зарядталу функциясы жоқ.
- Қайта зарядталмайтын және қайта зарядталатын батареяларды салғанда немесе
алмастырғанда, қол құрғақ болу керек.
- Қайта зарядталмайтын және қайта зарядталатын батареялардың ағып кетуін болдырмау
үшін мыналарды орындаңыз:
1 Құралды 35°C-тан артық температурада ұстамаңыз.
2 Құралды бір ай не одан көп уақыт қолданбағанда ата-ана модулінің қайта зарядталатын
батареяларын және нәресте модулінің қайта зарядталмайтын батареяларын алып тастаңыз.
3 Бос қайта зарядталмайтын батареяларды нәресте модулінде қалдыруға болмайды.
- Қайта зарядталмайтын және қайта зарядталатын батареяларды қажетті жерге тастаңыз
(«Қоршаған орта» тарауын қараңыз).

Осы Philips/Avent құралы Электрoмагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға
сәйкес келеді. Егер осы құралды қосымша берілген нұсқаудағыдай ұқыпты қолданған болса,
онда бұл құрал, бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, қолдануға қауіпсіз болып
келеді.


Нәресте мониторын ток көзіне қосып немесе қайта зарядталмайтын батареялармен
пайдалануға болады. Құрылғыны ток көзіне қосып пайдаланатын болғанның өзінде, оған қайта
 105

Содержание