Philips Avent SCD 525 [110/272] Жұмыс жасау аймағынан тыс деген ескертпе

Philips Avent SCD 525 [110/272] Жұмыс жасау аймағынан тыс деген ескертпе
3 Бесік жырын тоқтату үшін нәресте модуліндегі ойнату/тоқтату түймесін E қайта
басыңыз. (Cурет 27)

Ата-ана модулі нәресте модулінің диапазонынан тыс шығып кетсе, ата-ана модулі анда-санда
дыбыс шығарып, дисплейде Searching («Іздеуде») және Not linked («Жалғанбады») хабары
пайда болады. Ата-ана модуліндегі LINK («БАЙЛАНЫС») жарығы қызыл болып
жыпылықтайды.
Ескертпе: Нәресте бөлігі сөндірулі кезде, ата-аналар бөлігінің көрсеткішінде, сонымен қатар,
‘Not Linked’ (байланыс жоқ) хабары пайда болады.

Барлық функциялар ата-ана модулі арқылы басқарылғанымен, кейбіреулері нәресте модулінен
де басқарылады.

Ескертпе: Мәзір функциялары тек нәресте бөлігі мен ата-аналар бөлігі арасында байланыс
орнатылғанда ғана жұмыс жасайды.
1 МЕНЮ түймесін басып, менюді ашыңыз (Cурет 29).
, Бірінші менюдің мүмкіндіктері көрсеткіште пайда болады.
2 – және + түймелерін басып, өзіңізге керекті менюдің мүмкіндіктерін
таңдаңыз (Cурет 30).
Ескертпе: Жебе сізге қай бағытта іздеу салуыңызға болатынын көрсетеді.
3 Мақұлдау үшін, ОК түймесін басыңыз (Cурет 31).
4 + және – түймелерін басып, керекті бағдарламаны таңдаңыз.
5 Мақұлдау үшін, ОК түймесін басыңыз.
, Жаңа параметр бір рет жыпылықтайды. Saved («Сақталды») хабары да бір рет
жыпылықтап, дисплейден жоғалады.
6 Менюдан шығу үшін, МЕНЮ түймесін тағы басыңыз.

Ескертпе: ECO режимін тек ата-ана модуліндегі мәзірден ғана қосуға және өшіруге болады.
ECO режимін құралдың қуатты тұтынуын үнемдеу үшін қолдануға болады. Нәрестені жақын
жерден бақылау алыс жерден бақылағаннан гөрі тарату қуаты мен электр қуатын аз жұмсайды.
Нәрестені жақын жерден бақылағанда ECO режимін қосуға болады. ECO режимінде құрал аз
қуат тұтынса да, ешбір кедергісіз нәрестені бақылауға мүмкіндік береді. Нәресте бақылағышын
ECO режимінде пайдалану қоршаған ортаны қорғауға септігін тигізеді.
Ескертпе: Нәресте бақылағышының ECO режимінде ашық ауада жұмыс диапазоны — 260
метр. Қоршаған орта мен кедергі келтіретін басқа факторларға байланысты бұл диапазон
кішірек болуы мүмкін.
1 «+» және «–» түймелері арқылы ECO mode («ECO режимі») параметрін
таңдаңыз (Cурет 30).
2 Мақұлдау үшін, ОК түймесін басыңыз (Cурет 31).
3 ECO режимі өшіп тұрса, дисплейде On? («Қосу керек пе?») хабары шығады. ECO
режимін қосу үшін OK түймесін басыңыз. ECO режимі қосылған болса, дисплейде Off?
(«Өшіру керек пе?») хабары шығады. ECO режимін өшіру үшін OK түймесін басыңыз.
110

Содержание