Philips Avent SCD 525 [119/272] Қазақш

Philips Avent SCD 525 [119/272] Қазақш
Сұрақ Жауап
Нәресте
бақылаушының
қызмет көрсететін
аймағы 330
метр/1000 фут деп
көрсетілген. Неліктен
менің нәресте
бақылаушым одан
төмен аймақты
қамтиды?
Көрсетілген қамту аймағы тек сыртта, ашық ауада ғана сәйкес келеді.
Үй ішіндегі қамту аймағы ортада кездесетін қабырға түрлері мен
саны немесе төбелер арқылы шектеледі. Үй ішіндегі қамту аймағы 50
метр/150 фут болып келеді.
ECO режимі қосылған. Нәресте модулі ECO режимінде тұрса, ашық
ауада жұмыс диапазоны — 260 метр/800 фут. Үйдің ішінде жұмыс
диапазоны қабырғалар және/немесе төбелер саны мен түріне
байланысты шектеледі. Ата-ана модулін нәресте модуліне
жақындатыңыз немесе ECO режимін өшіріңіз.
Неліктен байланыс
қайта қайта үзіліп
қалады? Неліктен
дыбыс кедергілері
пайда болады?
Нәресте және ата аналар бөлігі қызмет көрсететін аймақтың сыртқы
шекарасына тым жақын тұрған болар. Басқа орналасу орнын таңдап
көріңіз немесе екі бөліктің арасындағы қашықтықты азайтыңыз.
Есіңізде болсын, екі бөліктің арасында байланыс орнау үшін, әрдайым
30 секундтай уақыт керек болады.
Ата-ана модулі DECT телефоны не басқа 1,8 ГГц/1,9 ГГц нәресте
бақылағышы сияқты таратқыш немесе DECT құралының жанына
қойылған болар. Байланыс қайта орнатылғанша ата-ана модулін басқа
құралдардан қашықтатыңыз.
Тоқ қуаты болмай
қалғанда не болады?
Егер ата аналар бөлігі дұрыс зарядталған болса, онда ол тоқ қуаты
берілуін тоқтатқанда, зарядтау құрылғысының ішінде де сыртында да
байланыс жоғалмайды. Егер екі бөлікте де батареялар салынған
болса, онда тоқ қуаты берілуін тоқтатқанда, құрал автоматты
түрде батареядан жұмыс жасай бастайды, және байланыс үзілмейді.
Нәресте қадағалаушы
жасырын тыңдаудан
және кедергілерден
сақ па?
Осы нәресте қадағалаушының DECT технологиясы басқа
құралдардан кедергі болдырмайды және жасырын тыңдаудың алдын
алады.
Ата-ана
модулінің жұмыс
мерзімі 24 сағат
болуы тиіс. Неліктен
менің ата-ана
модулім одан аз
істейді?
Ата-аналар бөлігінің батареялары алғашқы рет толығымен
зарядталғанда, олар 24 сағат уақытынан азырақ қызмет көрсетеді.
Батареялар өзінің толық мүмкіндігіне, сіз оны тек төрт рет
толығымен зарядтап, босатқанда ғана жетеді.
Ата аналар бөлігіндегі дауыс деңгейі тым жоғары деңгейге қойылған
болар, сондықтан ата аналар бөлігі көп энергия жұмсап жатыр. Ата
аналар бөлігіндегі дауыс деңгейін төменірек қойыңыз
ҚазаҚша 119

Содержание