B.Well wa-33 с адаптером [52/63] Пайдалану нұсқаулығы

B.Well wa-33 с адаптером [52/63] Пайдалану нұсқаулығы
Kz
Пайдалану нұсқаулығы
WA-33
52
Назар аударыңыз!
Тек кешенге қосымшаланатын AD-1024C желілік бейімдеуішін ғана
пайдаланыңыз. Кез келген басқа бейімдеуішті пайдалану жағдайында
қызмет көрсету орталығы құралға кепілдік қызмет көрсету міндетінен
арылады.
4.3. Манжетаны қосу.
Манжета коннекторын суретте көрсетілгендей етіп,
құралдың сол жақ тақтасындағы ойыққа қосыңыз.
5. Өлшемдерді орындау
5.1. Өлшеуге дайындық.
Артериялық қысымды өлшеу алдында тамақтанудан, шылым шегуден және дене қимыл қозғалысының кез келген түрінен бас тартыңыз. Барлық
осы факторлар өлшем нәтижелеріне әсер етеді. Өлшем алдында біршама уақыт креслоға отырып, тыныш жайда демалыңыз. Өлшемдерді үнемі
бір қолда жасаңыз (ең дұрысы артериялық қысым жоғары болатын қолда өлшеу). Өлшемді үнемі, тәуліктің белгілі уақытында жүзеге асырыңыз,
себебі артериялық қысым күн бойы өзгеріп отырады.
5.2. Жиі кездесетін қателер.
Назар аударыңыз!
Алынған артериялық қысым нәтижелерін салыстыру үшін өлшем үнемі бірдей шарттарда жүзеге асырылуы керек. Әдетте, қысымды өлшеу
тыныштық күйде жүзеге асырылады.
Науқастың қимылдауы, мысалы қолына сүйенуі, артериялық қысымды арттыруы мүмкін. Денені босаңсыту керек. Өлшеу барысында қолыңызға
күш түсірмеңіз. Егер қажет болса қолдың астына қоятын жастықшаны пайдаланыңыз.
Ауа түтігінің манжетке кіру нүктесінің шынтақ үстіндегі ойықта орналасқандығына және жүрек деңгейінде екендігіне назар аударыңыз. Егер бұл
нүкте жүрек деңгейінен 15 см. артық болатын болса, онда құрал қысымды сіздің нақты қысымыңыздан шамамен 10 мм с. б. төмен немесе артық
көрсететін болады. Манжеттің дұрыс пішіндісін таңдау өлшеудің нақтылығына әсер ететін міндетті шарт болып табылады. Оның пішіні Сіздің
иығыңыздың орамына сай болуы керек (иық ортасына толық жанастыра өлшенеді). ЕА- Сuff М манжетасы, пішіні 22 - 32 см. ересек адамдардың
көбісіне сай келеді.

Содержание