Redmond rmc-m12 [59/88] Дымқыл сулы емес сулық немесе сіңіргішпен сүртіңіз жуу құралдарын

Redmond rmc-m12 [59/88] Дымқыл сулы емес сулық немесе сіңіргішпен сүртіңіз жуу құралдарын
59
RMC-M12/RMC-M22/RMC-M32
KAZ
айғыздануының алдын алу үшін оның бетін құрғатып сүртуге кеңес береміз.
Табақты тазарту
Табақты жұмсақ сіңіргіш пен ыдыс жуу құралын қолдана отырып, қолмен,
сондай-ақ ыдыс жуғыш мәшинеде тазаруға болады (оның өндірушісінің
кеңестеріне сәйкес).
Қатты кірлеген жағдайда табаққа жылу су құйып, оны біраз шылап қойыңыз,
одан кейін тазартыңыз. Анағұрлым оңтайлы шылау үшін суық суға толы
табақты (ең жоғарғы рұқсат етілген деңгейден аспайтын) мультипісіргішке
орнатып, қақпағын жауып, қыздыруды 30-40 минутқа қосуға болады. Табақтың
сыртқы бетін оны мультипісіргіш корпусына орнатпас бұрын құрғатып сүртіңіз.
Табақты тұрақты түрде қолданғанда оның ішкі күюге қарсы
жабындысының түсі толық немесе ішінара өзгеруі мүмкін. Өздігінен бұл
табақ ақауының белгісі болып табылмайды.
Алынбалы бу клапанын тазарту
Бу клапанын аспапты әр қолданған соң тазартуға кеңес беріледі. Клапан
қақпақтың ішкі жағынан шешіледі.
Клапанды шешу үшін, оны сағат тіліне қарсы ақырын бұрап, ұяшықтан
шығарып алыңыз. Клапанды ағын су астында мұқият жуып, артынан қайтадан
ұяшыққа салып, оны сағат тілімен ақырын бұрыңыз.
Конденсатты жою
Аспап корпусында орналасқан конденсатқа арналған контейнерді
мультипісіргішті әр пайдаланған сайын тазарту қажет. Контейнердің бүйірінен
ұстап, оны ақырын өзіңізге қарай тартып, шешіп алыңыз. Конденсатты төгіңіз;
контейнерді жуып, орнына орналастырыңыз.
Конденсаттың артығы кейде аспап корпусындағы табақтың корпусындағы
табақ айналасындағы арнайы шұңқырда жиналуы мүмкін. Оны кетіру үшін
ас үй майлықтарын немесе сүлгіні қолданыңыз.
Жұмыс камерасын тазарту
Осы нұсқаулықты қатаң ұстанған жағдайда аспаптың жұмыс камерасының
ішінде сұйықтық, тағам бөліктері немесе қоқыс түсу ықтималдылығы аз. Егер
бәрібір айтарлықтай ластану орын алған жағдайда, аспаптың жұмысының
бұзылуы немесе сынуының алдын алу үшін жұмыс камерасының бетін
тазартқан жөн.
Мультипісіргіштің жұмыс камерасын тазалауға кіріспес бұрын оның
электр қоректендіру желісінен ажыратылып, толық суығанына көз
жеткізіңіз!
Жұмыс камерасының бүйірлік қабырғалары, қыздыру дискісінің бері мен
орталық термоқадағаның қабығы (қыздыру дискісінің ортасында орналасқан)
дымқыл (сулы емес!) сулық немесе сіңіргішпен сүртіңіз.Жуу құралдарын
қолданған жағдайда келесі ас әзірлеген кезде жаман иістің шығуын
болдырмау үшін оның қалдықтарын мұқият алын тастаған жөн.
Орталық термоқадағаның айналасындағы шұңғырға бөгде заттар түскенде
оларды қадаға қабығын баспай, ақырын пинцетпен алып тастаңыз. Қыздыру
дискісінің беті ластанған жағдайда орташа қаттылықтағы дымқыл сіңіргіш
немесе синтетикалық қылшақты қолдануға болады.
Аспапты тұрақты түрде қолданғанда қыздыру дискісінің түсі толық
немесе ішінара өзгеруі мүмкін. Өздігінен бұл құрылғы ақауының белгісі
болып табылмайды және оның жұмысының дұрыстығына әсер етпейді.
Аспапты сақтау
Егер аспап ұзақ уақыт қолданылмаса, оны міндетті түрде электр
желісінен ажыратыңыз. Жұмыс камерасы, оның ішінде қыздыру дискісі,
табақ, ішкі қақпақ пен бу клапаны, конденсатқа арналған контейнер
таза әрі құрғақ болуы тиіс.
Шағын сақтау үшін жинақтаушыларды табаққа салып, оны мультипісіргіш
корпусына салуға болады.
IV. СЕРВИС
-
ОРТАЛЫҚҚА ХАБАРЛАСАР
АЛДЫНДА
Дисплейдегі
қате туралы
хабар
Ықтимал ақаулар Қатені жою
Е1–Е4
Жүйелік қате (электрондық
плата немесе термоқадаға
істен шығуы мүмкін), немесе
қақпақ тығыз жабылмаған
Қақпақты тығыз жабыңыз. Егер
қиындық жойылмаса,
авторландырылған сервистік орталыққа
хабарласыңыз
Е5
Қызып кетуден автоматты
қорғаныс іске қосылған
Табағы бос аспапты қоспаңыз! Аспапты
электр желісінен ажыратыңыз, 10-15
минут бойы суытыңыз, одан кейін
табаққа су құйып орпа), әзірлеуді
жалғастырыңыз. Егер қиындық
жойылмаса, авторландырылған
сервистік орталыққа хабарласыңыз
Ақау Ықтимал себеп Ақауды түзеу
Қосылмайды
Электр желісінен қоректендіру жоқ
Электр желісіндегі кернеуді
тексеріңіз
Тағам тым ұзақ
әзірленуде
Электр желісінен қоректендірудегі
жаңылыстар
Табақ пен қыздыру элементінің
арасына бөгде зат түскен
Бөгде затты алып тастаңыз
Мультипісіргіш корпусындағы
табақ тегіс орнатылмаған
Табақты тегіс, қисайтпай
орнатыңыз
Қыздыру элементі ластанған
Аспапты электр желісінен
ажыратып, суытыңыз. Қыздыру
элементін тазартыңыз
V. КЕПІЛДІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 25 ай мерзіміне кепілдік беріледі.
Өндіруші кепілдік кезеңі ішінде жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе бүкіл
бұйымды ауыстыру жолымен материалдар немесе жинау сапасының
жетіспеушілігінен туындаған кез келген зауыттық ақауларды жоюға
міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні түпнұсқалық кепілдік талонында
дүкен мөрімен және сатушы қолымен расталған жағдайда ғана күшіне енеді.
Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа сәйкес қолданылған,
жөнделмеген, бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде
зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық жинағы сақталған жағдайда
танылады. Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын
материалдарына таралмайды (сүзгілер, шамдар, қыш және тефлондық
тығыздауыштар және т.б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен оған кепілдікті міндеттемелердің қолданыс
мерзімі бұйым сатылған немесе өндірілген кезден есептеледі (егер сату күнін
анықтау мүмкін болмаса).
Аспап өндірілген күнді бұйым корпусының сәйкестендіру жапсырмасындағы
сериялық нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады. 6-шы
және 7-ші белгілер айды, 8-ші — құрылғының шығарылған жылын білдіреді.
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы
осы нұсқаулық пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүзеге
асырылғанда, сатып алынған күнінен бастап 5 жылды құрайды.
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың өзін
қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес
пайдаға асыру керек. Қоршаған ортаға қамқорлық білдіріңіз: мұндай
бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен тастамаңыз.

Содержание