Redmond rbm-m1910 [31/44] Тын реттеуге болады тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты 40 минут

Redmond rbm-m1910 [31/44] Тын реттеуге болады тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты 40 минут
31
KAZ
RBM-M1910
2. «ФРАНЦУЗСКИЙ ХЛЕБ» («ФРАНЦУЗДЫҚ НАН») бағдарламасы
Қытырлақ қабықшалы жеңіл француздық нанды пісіру үшін қолданылады.
Қамырдың ұзақ уақыт араластырылуын және көтерілуін қамтиды. Бағдарлама
қамырды араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қосымша ин-
гредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабар береді. Өнім салмағын
және қабықша түсін таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және автожылы-
ту функциялары қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
Француздық нан жылдам қатқылданады, сондықтан оны бір күннен
астам сақтамаған жөн.
3. «ЦЕЛЬНОЗЕРНОВОЙ ХЛЕБ» («ТҰТАС ДӘНДІ НАН») бағдарламасы
Осы нан үшін қолданылатын ұн ауырлау болғандықтан, бағдарлама қамырды
араластыру алдында 5 минут ішінде ингредиенттерді алдын ала жылытады
және қамырды ұзақ уақытқа «икемделуге» қалдырады. Дәнді ұннан жасалған
бөлкелер әдетте өлшемі жағынан кішірек және жоғарырақ тығыз болады.
Бағдарлама қамырды араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қо-
сымша ингредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабар береді. Өнім
салмағын және қабықша түсін таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және
автожылыту функциялары қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
4. «СДОБА» («ТОҚАШ») бағдарламасы
Әр түрлі қоспалар қосылған тәтті нан пісіруге арналған бағдарлама. Бағдар-
лама қамырды араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қосымша
ингредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабар береді. Өнім
салмағын және қабықша түсін таңдауға болады, автожылыту функциясы қол
жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
5. «БЕЗГЛЮТЕНОВЫЙ ХЛЕБ» («ГЛЮТЕНСІЗ НАН») бағдарламасы
Глютенсіз ұннан нан пісіруге арналған. Бағдарлама ингредиенттерді жылы-
туды, қамырды араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қосымша
ингредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабар береді. Салмағын
және қабықша түсін таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және ав-
тожылыту функциялары қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу пайдалану
мүмкіндігі жоқ.
Глютен (балауыз) бұл дақылды өсімдіктер құрамындағы және ұнға
жоғары наубайханалық қасиеттер беретін ақуыз. Осы қасиет
арқасында қамыр қатаңдық пен серпімділікті иеленеді. Алайда кейбір
адамдарға глютенді тұтынуға тыйым салынған.
6. «БЫСТРАЯ ВЫПЕЧКА» («ТЕЗ ПІСІРУ») бағдарламасы
Ақ нанды жылдам пісіру үшін қолданылады. Ақ нанға арналған қамырға қо-
сымша 750 г пісірме салмағына шаққанда 1/3 шай қасық ашытқы қосыңыз.
Бағдарлама қамырды қыздырумен араластыруды, көтеруді және нан пісіруді
қамтиды. Қосымша ингредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабар
береді. Өнім салмағын және қабықша түсін таңдауға болады, стартты кейінге
қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу
функциясы жоқ.
7. «КЕКС» («КЕКС») бағдарламасы
Әр түрлі толтырғыштар салынған кекстер пісіру үшін қолданылады. Бағдарлама
қамырды жылдам араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Өнім салмағын
және қабықша түсін таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және автожылыту
функциялары қол жетімді. Қосымша ингредиенттерді қосу уақыты туралы дыбыстық
белгі хабар береді. Әзірлеу уақытын қолмен реттеу функциясы жоқ.
8. «ДЕСЕРТЫ» («ДЕСЕРТТЕР») бағдарламасы
Әр түрлі десерттер пісіру үшін ұсынылады. Өнім қабықшасының түсін таңдау
қол жетімді. Өнім салмағын таңдау мүмкіндігі қол жетімсіз. Әзірлеу уақытын
қолмен реттеу функциясы жоқ.
9. «СУП» («КӨЖЕ») бағдарламасы
Көжелер мен сорпалар әзірлеу үшін ұсынылады. Бағдарлама араластырусыз пісіру-
ді қамтиды. 5 минуттық орнату қадамымен 20 минуттан бастап 2 сағатқа дейінгі
диапазонда уақытты реттеуге болады. Тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты — 1
сағат. Стартты кейінге қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімсіз.
10. «ТУШЕНИЕ» («БҰҚТЫРУ») бағдарламасы
Ет пен көкөністерді бұқтыру үшін ұсынылады. Бағдарлама араластырусыз пісіру-
ді қамтиды. 5 минуттық орнату қадамымен 20 минуттан бастап 2 сағатқа дейін-
гі диапазонда уақытты реттеуге болады. Тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты
1 сағат. Стартты кейінге қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімсіз.
11. «БОРОДИНСКИЙ ХЛЕБ» («БОРОДИНДІК НАН») бағдарламасы
Бородиндік нан пісіру үшін ұсынылады. Бағдарлама қамырды араластыруды,
көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Өнім салмағын және қабықша түсін
таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және автожылыту функциялары
қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
12. ХЛЕБ С ДОБАВКАМИ» («ҚОСПАЛАР ҚОСЫЛҒАН НАН») бағдарламасы
Әр түрлі қоспалар қосылған нан пісіру үшін ұсынылады. Бағдарлама қамы-
рды араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Өнім салмағын және
қабықша түсін таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және автожылыту
функциялары қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
13. «ИТАЛЬЯНСКИЙ ХЛЕБ» («ИТАЛЬЯН НАНЫ») бағдарламасы
Итальян наны пісіру үшін ұсынылады. Бағдарлама қамырды араластыруды,
көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қосымша ингредиенттерді қосу уақыты
туралы дыбыстық белгі хабар береді. Өнім салмағын және қабықша түсін
таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және автожылыту функциялары
қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
14. «РЖАНОЙ ХЛЕБ» («ҚАРА БИДАЙ НАНЫ») бағдарламасы
Қара бидай ұнынан нан пісіру үшін ұсынылады. Бағдарлама қамырды ара-
ластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Қосымша ингредиенттерді
қосу уақыты туралы дыбыстық белгі хабар береді. Өнім салмағын және қа-
бықша түсін таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және автожылыту
функциялары қол жетімді. Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
Бағдарламаны жылдам шақыру үшін басқару тақтасында «Ржаной»
батырмасын басыңыз.
15. «ЗАМЕС» («ИЛЕУ») бағдарламасы
Көтерусіз және пісірусіз тұшы (ашытылмаған) қамырды араластыруға арналған бағдар-
лама. Стартты кейінге қалдыру функциясы қол жетімді. Әзірлеу уақытын қолмен
реттеу, өнімнің салмағын таңдау мүмкіндігі және автожылыту функциясы қол жетімсіз.
Бағдарламаны жылдам шақыру үшін басқару тақтасында «Тесто»
батырмасын басыңыз.
16. «ДРОЖЖЕВОЕ ТЕСТО» («АШЫТҚЫЛЫ ҚАМЫР») бағдарламасы
Ары қарай пісірусіз ашытылған қамырды араластыруға және көтеруге ар-
налған бағдарлама. Стартты кейінге қалдыру функциясы қол жетімді. Әзірлеу
уақытын қолмен реттеу, өнімнің салмағы мен қабықша түсін таңдау мүмкін-
дігі және автожылыту функциясы қол жетімсіз.
Бағдарламаны жылдам шақыру үшін басқару тақтасында «Тесто»
батырмасын басыңыз 2 рет.
17. «ЗАМЕС С ИЗМЕНЕНИЕМ ВРЕМЕНИ» («УАҚЫТТЫҢ ӨЗГЕРУІМЕН ИЛЕУ»)
бағдарламасы
Көтерусіз және пісірусіз қамырды араластыруға арналған бағдарлама. 1ми-
нуттық орнату қадамымен 8 минуттан бастап 45 минутқа дейінгі диапазон
да уақытты реттеуге болады. Тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты 8ми-
нут. Өнімнің салмағын таңдау мүмкіндігі және старты кейінге қалдыру және
автожылыту функциялары қол жетімсіз.
Бағдарламаны жылдам шақыру үшін басқару тақтасында «Тесто»
батырмасын басыңыз 3 рет.
18. «ХЛЕБ ДЛЯ СЭНДВИЧЕЙ» («СЭНДВИЧТЕРГЕ АРНАЛҒАН НАН»)
бағдарламасы
Бидай ұнынан немесе бидай мен қара бидай ұндарының қоспасынан нан
пісіру үшін ұсынылады. Бағдарлама қамырды араластыруды, көтеруді және
нан пісіруді қамтиды. Қосымша ингредиенттерді қосу уақыты туралы дыбы-
стық белгі хабар береді. Өнім салмағын және қабықша түсін таңдауға бола-
ды, стартты кейінге қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімді.
Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
19. «ЙОГУРТ» («ЙОГУРТ») бағдарламасы
Әр түрлі йогурт түрлерін әзірлеуге арналған бағдарлама. 5 минуттық орнату
қадамымен 10 минуттан бастап 12 сағатқа дейінгі диапазонда әзірлеу уақы-
тын реттеуге болады. Тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты 8 сағат. Старт-
ты кейінге қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімсіз.
20. «ДЖЕМ» («ТОСАП») бағдарламасы
Тосаптар, джемдер, пісірмеге, вафельдер мен балмұздақтарға арналған то-
пингтер, кетчуптер, әр түрлі дәмдеуіштер әзірлеу үшін, сонымен қатар бірқатар
өнімдерді үйде консервілеу үшін дайындау үшін қолданылады. 5 минуттық
орнату қадамымен 10 минуттан бастап 1 сағат 20 минутқа дейінгі диапазонда
әзірлеу уақытын реттеуге болады. Тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты 40
минут. Стартты кейінге қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімсіз.
21. «БИСКВИТ» («БИСКВИТ») бағдарламасы
Дайын қамырдан бисквиттер пісіруге арналған бағдарлама. 5 минуттық орна-
ту қадамымен 10 минуттан бастап 1 сағат 20 минутқа дейінгі диапазонда
әзірлеу уақытын реттеуге болады. Тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты —
50минут. Өнімнің салмағын және қабықша түсін таңдау мүмкіндігі, сонымен
қатар кейінге қалдырылған старт және автожылыту функциялары қол жетімсіз.
22. «МОЛОЧНАЯ КАША» («СҮТ БОТҚАСЫ») бағдарламасы
Сүтте және суда ботқалар пісіруге арналған бағдарлама. 5 минуттық орнату
қадамымен 10 минуттан бастап 2 сағатқа дейінгі диапазонда әзірлеу уақы-
тын реттеуге болады. Тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты — 40 минут.
Стартты кейінге қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімсіз.
23. «РАССТОЙКА И ВЫПЕЧКА» («БҰҚТЫРУ ЖӘНЕ ПІСІРУ») бағдарламасы
Бағдарлама дайын қамырдан бисквиттер және басқа өнімдер көтеру және
пісіру үшін ұсынылады. Араластыру кезеңі бұл бағдарламада жоқ. Стартты
кейінге қалдыру функциясы, сонымен қатар қабықша түсін таңдау мүмкінді-
гі қол жетімді. Әзірлеу уақытын қолмен реттеу, өнім салмағын таңдау мүм-
кіндігі және автожылыту функциясы қол жетімсіз.
24. «ВАРКА» («ПІСІРУ») бағдарламасы
Бағдарлама араластырусыз пісіруді қамтиды. 5 минуттық орнату қадамымен
10 минуттан бастап 1 сағат 30 минутқа дейінгі диапазонда уақытты реттеу-
ге болады. Тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты — 1 сағат. Стартты кейінге
қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімсіз.
25. «МУЛЬТИПЕКАРЬ» («МУЛЬТИНАУБАЙШЫ») бағдарламасы
Мынадай бірегей бағдарламаның көмегімен, илеу мен қоя тұрудың кезең-
деріне, сонымен қатар пісіру мен автожылытудың әрқайсысына уақыт белгілей
отырып, сіз өзіңіздің жеке рецептіңіз бойынша нан дайындай аласыз. Дай-
ындау уақытын өзгертуге болатын басқа бағдарламаларға қарағанда «Муль-
тинаубайшы» бағдарламасында бастауды кейінге қалдыру функциясы бар.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения