Hotpoint-Ariston WK 24E AR0 [38/41] Тұз қақтарын кетіру

Hotpoint-Ariston wk 24e ax0 [38/41] Тұз қақтарын кетіру
hotpoint.eu
40
kz
немесе тазалағышпен сүртіңіз, улы
тазалағыш қолданушы болмаңыз.
3. Сүзгіні жүйелі түрде тазалап тұруды
ұмытпаңыз. Тазалау оңай болуы үшін
тікелей басып, сүзгіні шығарып алыңыз
және тазалағаннан кейін орнына қойыңыз.
Өңін кетіріп алмау үшін, шайнектің
сыртын тазалаған кезде химиялық,
болат, ағаш немесе абразивті тазалағыштар
немесе щеткалар қолданбаңыз.
ТҰЗ ҚАҚТАРЫН КЕТІРУ
Шайнекті жүйелі түрде қақтан тазалап
отыру керек, себебі құбыр суындағы тұздар
шайнектің түбінде қақ түзіп, оның өнімділігін
азайтуы мүмкін. Дүкендерде сатылатын қақ
кетіргіш заттың орамасындағы нұсқауларды
орындай отырып, оны қолдануға болады.
Немесе, ақ сірке суын қолдану үшін төмендегі
нұсқауларды орындауға болады.
1. Шайнекке 3 кесе ақ сірке суын құйыңыз,
одан кейін шайнектің түбін толығымен
жабатындай мөлшерде су қосыңыз.
Ерітіндіні ертеңге дейін қалдырыңыз.
2. шайнектегі ерітіндіні төгіп, шайнекке
таза су қосыңыз, қайнатыңыз және одан
кейін төгіп тастаңыз. Сірке иісі кеткенше
бірнеше рет қайталаңыз. Шүмек ішінде
қалған қақты дымқыл шүберекпен сүртіп
алу арқылы кетіруге болады.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз өз тұтынушыларымызға қызмет көрсетеміз
және сервистік қызметті жоғары деңгейде ұсынуға
тырысамыз. Сізге құрылғымен оңай және қолайлы
жұмыс жасауға мүмкіндік беру үшін өз өнімдерімізді
үздіксіз жетілдіріп отыруға тырысамыз.
Құрылғыға күтім көрсету
Құрылғыға күтім көрсетуге арналған Hotpoint
Ariston ұсынатын құрылғының Professional
кәсіби бұйымдарының желісі құрылғының
қолданыс мерзімін ұзартады және оның
сынып қалу қаупін азайтады.
Professional кәсіби бұйымдарының желісі
құрылғыңыздың ерекшеліктерін ескере
отырып жасалған. Өнімдер сапа, экология
және қолдану қауіпсіздігі бойынша
Еуропалық жоғары стандарттарды қатаң
сақтай отырып Италияда жасалған. Толық
ақпаратты www.hotpoint-ariston.ru веб-
сайтының “Қызмет көрсету” бөлімінен
қараңыз және қалаңыздағы дүкендерден
сұраңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары
Өз тұтынушыларымызға жақынырақ болу үшін шебер
мамандарының жоғары деңгейдегі кәсіби дайындығы
мен әділдігімен ерекшеленетін қызмет көрсету
желілерін қалыптастырдық.
Ақау пайда болған жағдайда
Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында,
ақаулықты өзіңіз түзетіп көруге тырысыңыз
(“Ақаулықтар және оларды түзету жолдары” тарауын
қараңыз).
Қызмет көрсету орталығына кепілдік құжатында
көрсетілген телефон нөмірімен хабарласуға болады.
! Біз уәкілетті қызмет көрсету орталықтарына
ғана хабарласуды ұсынамыз
! Жөндеу жұмыстарын іске асырған кезде
фирмалық бөлшектерді ғана қолдануын талап
етіңіз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласар
алдында келесі мәліметтерді беруге дайын
екеніңізді тексеріп алыңыз:
Ақаулық түрін сипаттау;
Кепілдік құжатының нөмірі (қызмет көрсету
кітапшасы, қызмет көрсету сертификаты т.с.с.);
Құрылғының ақпарат тақтайшасында немесе
кепілдік құжатында көрсетілген құрылғының
моделі және сериялық нөмірі (S/N);

Содержание

Похожие устройства

Скачать